1032 көпбалалы отбасы пәтермен қамтамасыз етілмек

Oinet.kz 24-07-2019 880

1032.jpg

Түркістанда республикалық, облыстық деңгейдегі ақпарат құралдарының өкілдерін жинаған облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев ел алдында бір жылдық есебін  берді. Әңгіме барысында Ө.Естайұлы Түркістанның Елбасының жобасы екендігін баса айтып, оның дамуына, құрылыс жұмыстарының барысына үкіметтің ерекше назар аударып отырғанын тілге тиек етті. 

Түркістан облысында  халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында облыста ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әкім есебі бойынша көпбалалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері орташа есеппен 40 пайызға артқан.  2019 жылы 65 946 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Облыс бойынша жыл соңына дейін 1032 көпбалалы отбасы пәтермен қамтамасыз етілмек. 

Облыстық бюджет есебінен 2018 жылы шалғай елдімекендерге 62 модульдік медициналық пункт сатып алынды, Биыл 19 модульдік медициналық пункт орнату жоспарланған. Облыста 2 қалалық, 4 аудандық емхананың құрылысы және Түркістан қаласында №3 облыстық перинаталдық орталығына жапсарлас 150 орындық перзентханасы және 900 орындық 1 білім ұясының құрылысы жүруде. Биыл мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 3315 жаңа жұмыс орындары ашылған. Бұл өз кезегінде жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. 

-Бір айдың көлемінде Үкімет тарапынан облыс үшін аса маңызды 5 қаулы қабылданды. Оның біз үшін ең маңыздысы - «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары». Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, идеологиялық дамуының төрт бағытын айқындап алды,-деді Өмірзақ Естайұлы.  

Қаулыға сәйкес жоспарлар кезең-кезеңмен жүзеге асатын болады. 


Инфрақұрылым проблемалары шешіліп келеді
Тарихтың жаршысына айналуы тиіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу