«Қашан жазалап бастайды екен»: 25 жасар келіншек бұрынғы күйеуін ұмыта алмай жүргенін айтты
25 жасар келіншек интернеттегі отбасылық пабликтерге хат жазып, кеңес сұраған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Айтуынша, ол бұрынғы күйеуі әлі ұмыта алмай жүр екен.
"Менің жасым 25-те. 17 жасымда балалықпен тұрмыс құрдым. 7 жыл тұрып ажырастық. Мендегі мәселе, қазір ішімді күйік басып барады.
Жігітім бар "Үйленейік" деп отырған. Өзімнің әріптесім. Жақсы адам, тым жақсы.
Бірақ 2 балам бар бұрынғы күйеуімнен. Оларды өз әкесінен айырған өзім едім. Енем тамаша адам еді. Күйеуім де жақсы болды. Еркелікпен тілін де, қолын да өзім шығарып алдым. Ажырасуға да болмайтын себеп болды. Болмашы нәрсе. Бірнәрсеге күмәнданып "ашып айт" дегені үшін, "сенбесең, ажырасайық" деп мен де отырып алдым. Ақталғым келмеді. "Сенбей тұрса не керек?" деген оймен ажырастым. Қазір алимент төлейді, бірақ балаларды сұрамайды. Кезінде қайта қосылуға әрекет жасады. Бірақ ол кезде де еркелеп, "жоқ" деп жүріп алдым. Қазір сожитель болып біреумен жүретінін естідім. Енемді, бұрынғы күйеуімді күнде ойлаймын. Ұлыма обал болды, 7 жасында есейіп кетті. Қазіргі жігітім балаға тым жақсы.
Енді ойлаймын "Құдайдың сынағы қай жерінде тосып тұр екен мені" деп. "Қашан жазалап бастайды екен" деген қорқыныш. Жазда үйленетін ойымыз бар.
Бірақ бұрынғы күйеуім тағы келсе, сонымен кетіп қалатындай күйдемін. Ақылдарыңызды айтыңыздаршы, не істейін?"