«Нағашы атам мойнымнан иіскеп, сүйетін»: Жақындары жәбірлеген бойжеткен қызы үшін қорқатынын айтты

Oinet.kz 06-03-2025 828

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға бала күнінде нағашы атасы мен ағасынан қорлық көрген 21 жасар бойжеткен хат жазған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_5.jpg

Айтуынша, ата-анасы ажырасқан соң, бойжетенді шақалақ кезінде нағашы ата-әжесінің қолында тұруына тура келген. Алайда, бойжеткен ата-әжесінің үйінде бақытты балалық шақ өткізе алмаған. 

"Қазір жасым 21-де. Әке-анам мен туылған сәтте ажырасып кеткен. Әкемді мүлде көрмедім, яғни 21 жыл бойы. Шешеміз ағам екеумізді кішкентай айлық кезімізден нағашы ата-әжемізге беріп жіберген. Ал өзі қалада бөлек тұрған. Қыдырған, ішкен.

Білесіз бе, нағашы ата-әжеміз бізді өсіріп баптаса да, ішімде сондай бір өкініш кетті. Бір жағынан білмеймін Құдай сақтасын анаммен өссем, анам сияқты жеңіл жүрісті боп кетер ме едім. Білмедім.

Мен ол кезде 3-4 оқитын кезім еді. Нақты есімде жоқ. Атам ішетін кісі болды. Әжеміз бір күні жұмысқа немесе қонаққа кеткенде үйде ешкім болмады. Атам ішіп алған болатын бір күні қолымнан ұстап зал жаққа астыма кленка жайып “жат, кел мында жатшы” деп жатқызды. Астымды шешіп жатты. Мен қорқып жыладым. Жылай бердім. Сосын бір сәтте білмеймін біреу келіп есік қақты ма или Құдай сақтады ма білмедім. “Не жылай бересің” деп, кленканы астымнан суырып алды. Ішкен сайын мойнымнан иіскеп сүйетін. Сол сәттен бастап атамнан алыс жүретін болдым. Жоламауға тырыстым. Ішпеген кезде жұп-жуас", - деп жазды. 

Ең сорақысы хат иесіне атасы ғана емес ағасы да азғын әрекеттер жасаған.

"Бірақ не керек өзім бірге өскен ағам (әкеміз бөлек) кішкентай кезімнен 4-5 жасымнан тиісіп келді. Ол кездер еміс-еміс есімде. Жатқызып ешкім жоқта қасыма келіп жатып астымды ұстап өзінікін маған салатын. Ол кезде баламын ғой. Не істеу керегін білмедім бе. Шыны керек мені қорғайтын әйел ретінде ақылын айтатын адам болмады. Әжем атаммен алысып жүретін. Ес біле бірақ уже ағамды жек көріп кеттім. Мінезім де бұзыла бастады. Ашылып сөйлесуге қорқатын болдым. Ішкі сырымды эмоциямды айту қиын болды. Бір күні жасым нешеде екенін білмеймін ағам келіп маған "сенің көзіңді байлаймыз, көрші бала келіп сенің ана жеріңді бір қарап ұстайды, бірақ ақша береді бізге ешкімге айтпа я" деді. Мен келіспедім ағамнан жиіркеніп жоқ дедім сразу. 'И не болды бір ұстайды' деді. Білесіз ба, ағамның жасаған әрекеттерін бойжете келіп, қыздық перде жайлы білгенімде қорқа бастадым. Ең жаманы бізге сол нәрселерді айтып түсіндіретін адам болмады ғой. Қорған болатын. Қазір тұрмыстамын. Атам қайтыс болды. Ішім біртүрлі болса да, ол қайтыс болғанда ішімде оған деген реніш кетті. Себебі ол мені сондай жамандыққа қиды. Ағаммен қәзір мүлде араласпаймын. Арамыз 6-7 жас. Бірақ оны Жек көремін. Қазір ол да типо ұмытып кеткен сияқты жүреді. Бірақ көздеріне қараған кезде білесіз бе, көздерін шұқып алғым келеді ашу-ызадан, өкініштен", - дейді.

Бойжеткен басынан өткерген қорлықтың бәріне ата-анасын кінәлайды екен. 

"Анам да қайтыс болды. Анама осынша уақыт өкпеледім. Бірақ аяп түсінуге тырысып ол өлген сәтте кешіру үшін оның мәйітіне ұзақ қарап тұрдым. Шын жүрекпен кешіруге тура келді. Себебі о дүниеде онсыз да мен үшін сұралатынын білем. Бірақ өкініш бар бәрібір. Балалық шағым... Ешкімге айта алмағаным. ешкім қорған бола алмағаны. Әкемнің қорғай алмағаны. ӘКЕ демекші 21 жыл өткеннен кейін биыл маған соғып тұр. Ауырып ақтық демі қалыпты. "Мен сенің әкеңмін" қызым деп. Басында сағынып соқты деп ойладым. Артынан баратын жері, ақшасы жоғын айтып соғып тұр. Мен оған "мені 21 жыл бойы іздемеген ӘКЕ енді маған керек емес" дедім. Иә. Себебі ол ішетін еді.. 

Мен тұрмыстамын 1 қызым 1 ұлым бар. Қызым үшін қорқып мен әкеме солай дедім. Білмеймін кешірдім бе, жоқ па оны. Бірақ бәрібір ол кінәлі мені перзентін жамандықтан сұм қолдардан қорғай алмағаны үшін. Күйеуім жақсы адам. Бірақ оған өзім ойлағандай адал болып тимедім. Аппақ төсегімізді қызарта алмадым. Ол білсе де мені қабылдады. Мені сол қорғайды қазір. Өгей ағамды үйіміздің маңына да жуытпаймыз. Араласпаймыз", - дейді. 

Тағдыр теперішін көп көрген бойжеткен, бүгінде өз қызын бәрінен қорғағысы келеді. Және барлық аналарға кеңесін айтты. 

"Мен аналарға айтар едім! 

Ешқашан қыздарыңызды, ешкімге тіпті өз әкеңе де сеніп қалдырма! Мейлі ол ішсін ішпесін. Баланы ешкімге бермеу керек. Ең жақсы өмір бере алмасаңда жаныңда ұста қорға дер едім. Қазір өзімнің басымнан өткен жағдайдан соң қызым үшін қатты алаңдаймын. Қорқамын. Кез келген адамға бөгде туысқан көрші ер адамдарды да мүлде қызымның жанына жуытпаймын. Ал жолдасымнан ондай күтпеймін неге себебі ол Аллаһқа иман еткен адам. Бірақ сонда да өзім үшін барынша қызымды сақтандырып жүрем. Жалаңаш іш киіммен жүргізбеймін. Ол да қызым киім ауыстыратын кезде өзі жәймен шығып кетеді. Қызым 3-те. Бірақ қазірден оған айтамын ашық. Оның денесі қорғануы керек жайлы біреу ұстауға болмайтындығы... Мен қызыма сондай жақсы ана болғым келеді. Оны қолымнан келсе барлық жамандықтан қорғай алсам ғой", - деп жазған хат иесі. 

«Сыныптастарымды сотқа бермегеніме өкінемін»: Құрбылары азғындардың астына салып берген
«Қашан жазалап бастайды екен»: 25 жасар келіншек бұрынғы күйеуін ұмыта алмай жүргенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу