«Сыныптастарымды сотқа бермегеніме өкінемін»: Құрбылары азғындардың астына салып берген
Белгілі құқық қорғаушы Ләззат Рақышева өзінің Instagram парақшасында оқырманының жан-сырын ақтарған хатын жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Хат иесінің айтуынша, оның тағдыры бала кезден оңай болмаған. Бала кезінде туыс ағасынан зорлық көрген екен. Бірақ кейін ол ағасы өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болған.
"Менің басымнан өткен оқиға адам шошырлық, ата-анама айтпақ түгілі ойыма келмеді. Алла маған 4 ұлды да сол үшін бергендей…
1-2 класста әкемнің апасының баласы ауылға келетін, сол қораға шақырып үстіме жатты. Содан "туалетке бар" деді. Жүгіріп таулетке бардым, ауырсынып, қан көрінді. Өзім ештене білмедім.
Кейін сол ағамнан қорқақтай бастадым. Ол өсе келе асылып қайтты", - дейді ол.
Хат иесінің көрген қорлығы ол ғана емес. Студент кезінде сыныптас құрбылары азғын жігіттердің астына салып беріпті.
"Студент кезімде жігітім бар. 2 жыл жүріп, жүрген жақсы көріп. Студентпіз қалада, класстас подружкам "бүгін квартирада жатқан класстас қыздың квартирасына барайық" деп қоймады, Мен апамның үйінде жататынмын, апамнан сұранып, сонда қонып ертең келем деп. Бардық. Сол күні кешке кластасым сол қыздарға звондап "паркке шығыңдар" деген, ойымызда ештене жоқ, шықтық. Паркте жүрдік бәріміз, бір класста оқығанбыз.
Содан ана баланың ағасы бір баламен келген, бізге "вечеринка болып жатыр" деді. "Барсаңдаршы" деді Содан қыздар сыбырласып, 5-6 қызбыз. 2 қыз кетіп қалды себебі басқа қаланың қыздары. Бір машина келді де "жүріңдер, қыздар, вечеринкадан кейін сол квартираларыңа әкеліп тастаймыз" деді. 2 машинаға міндік бөлісіп
Сөйтсек бір машина қалып қойды. Алда кластасымның ағасы, сосын бір бала и жаңағы қыз болды. Алдап қала сыртындағы бір үйге әкелді. Дым көрмеген ауылдан қалаға келген қызбыз. Шынымды айтсам 11-шы класқа дейін вечер көрмеген, яғни қатаң болған соң шықпағанбыз.
Маған "кіре бер" деп, қасымдағы қызды алып қалды, "Оған не істейсіңдер сендер? Жаман ойларың бар ма?" деп сол кезде сездім. Сөйтсем оған емес, маған тиіскісі келген. Ана қызда үн жоқ машинада қалды. Мені зорлады 3-4 жігіт
Таң ата қашқандай болып жаяу қаштық алдап. Сонда подругамнан сұрасам "саған да тиісті ме?" деп, "жоқ" деп қарап тұр. "Неге маған көмектеспедің? Неге айқайламадың? Мені қорқытқанда?" десем, "олар маған прикол ұстап отырды машинада" дейді. Сонда арам қара басын ойлайтын қыз екенін білдім де, қатты өкіндім осындай қызбен құрбы болғаныма. Жылап шаққа жүріп келіп, жаңағы квартирадағы қыздарға келдім.
Бәрін айтып жыладым, "қыздар қалай өмір сүремін" деп. "Енді не істеймін? Бірге сотқа барайық" деп. Сонда таң қалғаным бәрі үндемей қалды. Қазір сол қыздарды көрсем жиіркенем. "Иә, барайық, айтайық" демеді", - деп жазды.
Айтуынша, қазір оларды сотқа бермегеніне өкінеді.
"Қасымдағы қыз оңбаған болып шықты. Күйеуіне шықпай тұрып талай жігітпен жатып барып шықты. Қазір дым болмағандай. Қазір сотқа берейін десем күйеуім бар, үлкенім ер жетті.
Қазір кластасымның өзі де, ағасы да алқаш. Түрлері азып шал құсап, қарындары қампиып, азып кеткен. Келесі жылы кездесеміз… Өкініштісі сол. Бәрі біледі бәрі. Тек жолдасым ғана білмейді
4 ер балам бар, бизнесім бар, шүкірмін! Бір өкінетінім сол қыздармен соларды кезінде сотқа жазып тастауым керек еді. Қорыққаннан, қалада ешкімім болмағанға. Содан жатқан апамның үйіне келіп көөөп жыладым, ол апамда шаруасы жоқ алыс жақыным еді", -дейді.
Аталған оқиға 2 жыл жүрген жігітінің де құлағына жеткен.
"Содан 2 жыл жүрген жігітім "Сен туралы сондай әңгіме жүріп жатыр. Өзіңнен естиін. Неге бардың онда?" деп келді. "Иә, шын" дедім. "Қателестім" дедім. Менің арымды қорғай ма деп ойладым. Жүрмесе де, жүріп жатқандай болып. Қалай қасымдағы қыздарға сеніп қалғанымды айттым. Сонымен оны көрмедім. Ешкімді көрмедім араласпадым. Осы 2-3 жалдықта араласып бастадық кластың қыздарымен", - дейді.
Хат иесі қазіргі таңда өзін жәбірлеген жігіттер мен құрбыларынан кек алғысы келетінін жазыпты.
"Күйеуім жақсы, қазбалап сұрамады. Қазір жағдаймыз шүкірміз. Бірақ бір уақыт танымыл, мықты әйел болып, сол кездегі шындықты телевидениеге айтып отыратындай күшім болса деймін.
Как будто сол кекпен өмір сүріп келе жатқандаймын. Соларға кек қайтару үшін мен жағдайымды жақсартуым керек деп.
Ана қыздар дым болмағандай, әсіресе ана қыз подругам деген. Оказывается сол уақытқа қуанатын сияқты, арам болған екен. Сондай қызбен неше жыл құрбы болғаным үшін өкінемін. Кімге айтасың сырыңды бәрі күледі. Бетіңе басады. Ұлдарыма "Мені қалай сыйлайсыңдар, қыздарды солай сыйлаңдар" деп отырып, осылай айтпайтын аналардың ұлдары сондай бола ма деймін. Жасым 40-қа келеді. Жағдайымды одан да мықты етіп жақсартып, сол құрбыммен сол балалардың істерін халық алдында айтқым келеді
Себебі ол маған ұят емес. Оларға ұят туыруы керек. Қыздарыңызға "жасырған сырың болса айт! Ешкімнен қорықпа" деп көп айту керек ата-ана. Өмірім басқаша болар еді. Армандарым бар еді. Тек солардан бір күні кек алсам деп өмір сүріп келемін. Олар мені ғана емес талай қызды солай зорлаған. Сол кезде айқайладым, көмек сұрадым. Қасындағы үйден апа шықты, "апа" деп едім, есікті жауып тастап "бәрі жақсы" деді. Ол кіріп кетті. Таң қалғаным, жыным келгені қасымдағы қыз таңға дейін олармен приколдар айтып отырғаны. Қазір маған чатта "Қалайсың? Жағдайың қалай" деп те сұрамайды, "Ооо, привет" деді болды. Оның да қызы бар. ""Күйеуіме ақша үшін шығып алдым" депті қыздарға. Сізге рақмет! 20 жылда бірінші адамға жазып тұрғаным"