«15 жасқа дейін үлкен дәретімді жіберіп қоятынмын»: Кішкентайында педофилдің құрбаны болған келіншек

Oinet.kz 18-02-2025 2229

Белгілі құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға 38 жасар келіншек, бала күнінде басынан өткен ауыр жағдайды айтып хат жазған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_5.jpg

Айтуынша, анасы көп ішетін. Сол бірге ішіп жүрген ер адамдардың бірі 4-5 жасында зорлап, үлкен дәретін ұстай алмай қалатын болып қалған. 

"Маған психолог керек. Қазір 38-демін. Еш есімнен кетпейді. Ол кезде жасым 4-5 шамалас. Мамам жалғызбасты ана. Ішетін. Семьяда апам бар 8 жас үлкен, бір жас кіші інім бар. 

Бір күні үйге ер адамдар келді. Үш еркек сосын мама олармен ішіп отырды. Мамам жігітімен кетіп қалды. Біз ойнап жүрген едік ініммен. Түрін білмеймін, атын да. Сол бір еркектің біреуі мені ұстап алып, жатын бөлмеге әкеліп ұрды. Қасымда інім жылап жүр "тимеңізші, жіберіңізші" деп. Мен шыңғырып жатырмын. Есімде бәрі. Астыңғы жағымнан ұрып-ұрып қолымен. Арт жағымнан да, алды жағымнан да зорлады. Жаным шыққанша айғайлап жатырмын. Ұрғаннан ба, басқадан ба білмеймін, есімнен танып қалдым. 

Тұрсам көрпе, үстімнің бәрі қан-қан. Апам келіп шомылдырды. Одан бұрын мамам келді жүгіріп. Барып етегімді көтердім. Мамам отырып қалып, бақырып жылады жан дауысымен. Содан кейін мамам қатты ішіп кетті. 15 жасқа дейін үлкен дәретімді жіберіп қоя беретін болдым. Соған қарағанда ішекке зиян келген болып тұр", - дейді хат иесі. 

Ең сорақысы, бұл хат иесінің көрген жалғыз қорлығы емес. Нағашысынан да зорлық көрген. 

"Көп жылай беремін. Қараңғылықта, тәрбиесіздікте өмір сүргенім үшін қынжыламын. Нағашымнан да зорлық көрдім. Анамның інісі. Сонда мамам мені қорғамады", - деп жазды ол.

Аталған хатты оқыған әлеуметтік желі қолданушылары бұл жазбаның өте ауыр тигенін жазды:

"Мына жазба өте ауыр тиді маған, көз алдыма елестеп кетті. Шырылдап жылаған кір кішкентай періште. Сені зорлаған айуан екі дүниеде де оңбасын! Жылап оқыдым. Алла куанышты күндеріңізді көп қылсын! Бақытты болыңыз";

"Мына жазба өте ауыр болды. Не жазарымды білмей қалдым. Осыдан кейін адам өлтіруді кім күнә деп айтады. Мен өзімді ұстай алмас едім, адам өлтіруге барар едім, және ол үшін тіптен өзімді кінәлі сезінбес едім. Қандай қатігез қоғамның арасында өмір сүріп жатырмыз дегім келеді. Ол да бірақ адамның өзіне байланысты. Шешеңізді ана дей алмас едім. Төсегінде шіріп өлсе де кешіре алмас па едім. Артық жазсам кешірерсіз. Жазба иесіне айтар едім, бәрін ұмытыңызшы, анаңызды да тірі болса. Тек өзіңізді жақсы көріңіз, сізге құдай ең жақсы күндерді сақтап қойды, үлкен бақытқа қол жеткізесіз дегім келеді";

"Қазақ қазақ болмай кетті ғой. Еркек еркек емес ез педофиль болды. Сол еркектің жазасын Алла берсін. Анасыда арақ қойғанның орнына ары қарай араққа салынғаны да дұрыс болмады. Анасы баласын қорғай алмаса кім көрінген басынады", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

«Үлкен ұлым менен емес»: Көпбалалы ана күйеуінің ессіз қылықтарын айтып кеңес сұрады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу