«Сондай жиіркенішті адам»: Жасырын автор студент кезіндегі сорақы оқиғасымен бөлісті

Oinet.kz 03-11-2024 2251

Белгілі психолог Ләззат Рақышева өзінің Instagram парақшасында 17 жасында зорлықтың құрбаны болған қыздың жазбасымен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_8.jpg

Жазба авторының айтуынша басынан өткен жағдайға тікелей ата-анасының қатысы бар. 

"Расында, жақыныңнан жәбір көру — ең сорақы әрі қиын жағдай, оны ешкімге ашылып та айта алмайсың. Сенген адамынан соққы алғандардың содан кейінгі тағдыры тіптен ауыр.

Менің басымнан кешкенім ата-ананың салғырттығынан деп санаймын. Себебі көз ашқалы әкеміз ішімдік ішіп, анамызды көз алдымызда ұрып-соғып жататын. Туыс-туғаннан қамқорлық, жылу көрмедік. Осының кесірінен баланың бойынша үрей, қорқыныш орнап, өзін-өзі бағалай алмай, ненің жақсы, ненің жаман екенін ажыратар шамасы болмай, өз ортасында ынжық, жасқаншақ, жауыздарға дайын жемтік болып өседі деп ойлаймын", - дейді автор. 

Ең сорақысы қорлық көрсеткен бөтен адам емес, өзінің манипулятор жездесі екен. 

"Мен үйдің тұңғышымын. 16 жасымда Астанаға оқуға келдім. Бұл қалада әкемнің қарындасы тұратын, солардың үйінде тұратын болдым. Әпкем мен жездемнің бір қызы бар еді, ол кезде 6 жаста. Әпкем таңнан кешке дейін жұмыста. Жездеміз сондай пасық, жиіркенішті, араққұмар, қатынқұмар адам. Ол кезде құрылыста жұмыс істейтін. Алғаш келгенімде өтірік мейірімді, балажан болып көрініп, менің келгеніме қуанған сыңай танытып, қызын ойнатып, сабағын оқытып жүргенімді мақтап, жанашыр кейіп танытатын. Ол кезде апа-жездемнің жастары 40-тан асқан. Әпкемнің мінезі қаталдау, тез ашуланғыш болатын. Жездеміз мықты манипулятор. Айтқанын істетіп, әпкемді барлық ағайын-туысқа қарсы қойып отыратын.

Келгеннен 3-4 ай өте сала, жездемнің маған көз салып жүргенін байқадым. Үйде ешкім жоқта тиісетінді шығарды. Бір күні мас болып келіп, мені қуалап, зорламақ болған. Ол кезде далаға қашып үлгергенмін. Әпкем жұмыстан келгенше үйге кірмей, есік алдын жағалап, қашып жүре бергенмін ғой. Жұмыстан келгенде әпкеме айтуға қорықтым, жай көрші қызбен жүрдім дей салдым. Айтсам да, бәрібір өз дегенін жасататын жездем өзімді кінәлі етіп шығарып, мені ауылға қайтарып жіберер деп қорықтым.

Ол соны пайдаланып, мені сол күні әпкемізге ұрғызды. «Мына қыз салақ, қаңғыбас, үлкенді сыйламайды, шай қойып бермеді» деп әпкемнің миын жеп, әпкем мені ұрып тастаған аямай.

Арада тағы 2-3 ай өткенде үйде ешкім жоқта пеш жағатын топкада аузымды жауып тұрып зорлады ақыры. Арам ойын іске асырып болған соң «Енді сені әпкеңе ұрғызбаймын, сені жаман деп айтпаймын» деп мені мазақ етіп, «Бізбен бірге тұратын болсаң, сен де менің айтқанымды істейсің» деп басынып, одан кейін де зорлап жүрді", - дейді. 

Жазба авторы болған жайтты ешкімге айта алмағаны үшін өзін де айыпты санайды. 

"Сондай жиіркенішті адам. Менің де сол кездегі қорқақтығым, ұяңдығым кінәлі. Әке-шешем естісе, туысқандар естісе не болады деген қорқыныш, мені ешкім қолдап-қорғай алмайды деген үрей аузымды аштыруға мұрша бермеді.

Осының салдарынан онсыз да өз-өзіме сенімсіздігім аздай, мүлдем депрессияға кіріп кеттім. Сабақтан шыққасын үйге ерте келмеуді сылтауратып, қосымша сабақтарым бар еді деп, кештің батқанын күтіп, далада жүретін болдым. Жаман ортаға қосылып, шылым шегіп, сыра іше бастадым. Жалғыздық, қорқыныш, жиіркеніш, ешкімнен қолдау жоқ, сырлас жоқ, өз -өзіңді мүлдем жоғалту, болашағыңа деген үміт жоқ кезең...

Бір күні сабақтан келсем, сасып ішіп алған жездем, асүйде былшылдатып кепкен балық жеп отыр екен. Әдеттегідей тиісе бастады. Мен жиіркеніп, стол жағалап қашқақтап жүрмін. Бір кезде үстіме өзі жеп болған балықтың қабығы мен қылтықтарын шашып жіберіп, қайтадан зорлауға басты. Сасып, теріс қарап, дым болмағандай қорылдап ұйықтап жатыр", - деп жазды ол. 

Бұл өмірде менен артық келін жоқ
«Түк болмағандай таңда намаз оқыды»: Жарымжан сіңлісін өз күйеуі қорлап жатқанда үстінен түскен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу