Бала кезде алған травмам үшін, анама ренжи де алмаймын

Oinet.kz 01-09-2024 1194

Белгілі заңгер, психолог Ләззат Рақышеваның Instagram парақшасына хат жазған әйел бала кезінде алған травмамен бөліскен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_17.jpg

"Менің жасым 29-да. Менің кішкентай кезімде болған жағдаймен бөліскім келеді. 6 жаста едім. Біз үйде 6 бала болдық. 3 ұл, 3 қыз. Мен кішкентайы болдым үйдің. Менің 1 жас кезімде папамыз қайтыс болды. Сөйтіп мама бізді асырау үшін екінші рет тұрмыс құрмады. Мама бізді жазғы демлыстарда ауылға жіберетін. Яғни, папамның туыстары жағына. Өзі жұмыс істейді. Мені, сестрамды, ағамды таксиге салып жіберді ауылға. Машинаның артында бір ер адам отырды. Мені алдына алып отырды. Ұйықтап кеткен едім, ол ер адам менің жыныс мүшеме қолын салып жатты. Мен оянып кеттім де, үндемей отыра бердім. Не боп жатқанын білмеймін. Бірақ бірдеңе дұрыс емес екенін түсінгендей болдым. Ағам мен сестрама қарасам, ұйықтап жатыр екен. Үндемей отыра бердім. Ана еркек менің астыма қолын салуды тоқтатпады. Мен тезірек жетсек екен деп отырдым ауылға. 

Қазір тұрмыс құрғанмын. Жолдасыммен қосылған сайын сол нәрсе есіме түсе береді. Өзімді жаман сезінем.

Әйелдер қауымына айтарым, қыз балаларыңызды ешқашан, ешқайда жалғыз жібермеңіздерші. Қазіргі заманда адамға сенетін заман емес. Ана ренжимін, бір жағынан түсінем 6 баланы асырау оңай емес. Анам базарда сауда сататын еді. Бірақ өмір бойы мен травма алдым"

Жігітім атымнан займ алып, тастап кетті
Анам болған жағдай үшін «ашылып жатпай, жиналып жатпайсың ба» деп өзімді айптады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу