Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Белгілі заңгер, психолог Ләззат Рақышеваның Instagram парақшасына трихотилламаниямен ауырған бір әйел өз басынан өткен оқиғамен бөлісіп жазған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Сіздің парақшаңызды оқуға жүрегім ауырады. Себебі әр оқыған сайын әр хаттан өзімнің қиналғаным есіме түседі", - деп бастады ол әңгімесін.
"Көп балалы отбасының баласымын. Өте послушный қыз болдым. Бір күні үйге 5-6 жасар кезім еді. Үйдің қасында туысымыз тұрады. Соның үйіне жиені келді. Қыз бала. Мені жүр мына үйге жатамыз деп алып кетті. Ол қыз 4-5 жас үлкен еді. Түнде бәрі ұйықтағанда жаман нәрсенің болып жатқанын сезіндім. Бірақ ештеме жасай алмадым. Сол қыз мені жаман нәрсе жасады. Тек бір рет емес бірнеше рет болғанын білемін. Бірден өзімді жаман сезіндім. Кімге не айтарымды түсінбедім бала болдым. Жайлап тұйықталдым. Кейін соның інісі менің апкеме тиісетінін білдім. Дәл сол қыздың әкесі 6-7 сыныбымда ма тиіскені бар. Барлық туыс жиналып карта ойнайды дейтіні бар еді. Ішіп. Зал бөлмеге қонақтар келеді деп әпкем екеуміз шәй ішетін бөлмеге жатқанбыз. Түнде бірдеңе болғанын білемін. Біреудің тиісіп, айқай болғанын. Таңда анам "ашылып жатпай, жиналып жатпайсың ба" деп ұрысқанын білемін. Бірақ ол кезде де "менің кінәм жоқ қой" деп те айта алмадым. Ол кісі сондай жаман әдеттерімен туыстар арасында жаман атты екенін естідім. Ал ол кісінің ұлы әпкеме, ал қызы маған тиіскен. Кім біледі өз қыздарына да жасаған шығар. Содан кейін менде трихотилламания болып психологический ауырдым. Әлі де күресіп келемін. Емін таппадым. Психологқа бардым 10 терапия жетпеді. Алдағы уақытта ақша болса барармын. Құрметті аналар қонақ болып келетін ұлдан да қыздан да сақтаныңыз. Баланы қорғаңыздар. Сөзін тыңдаңыздар. Педофиль болған көп адамның тағдыры быт шыт болған. Алла сазайын осы өмірден бастап бергенін көрдім. (Ойым шашырап кетті. Бірақ түсіндіңіздер деген ойдамын.Сол сәттен бастап мен денеме жарақат жасауды бастадым. Кінәні өзімнен көрдім. Мен кінәлімін. Мен жаманмын деген ойлар болып басталды трихотилламания",- деп жазды ол.