Жігітім атымнан займ алып, тастап кетті

Oinet.kz 01-09-2024 1936

Белгілі заңгер, психолог Ләззат Рақышеваның Instagram парақшасына екі оттың арасында қалған балалы келіншек кеңес сұрап жазған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_14.jpg

"Жігітімнен екі қабат болып, ұлымды туып едім оң босағада. Жігітім маған зайым алдырып, содан соң жоқ болып кетіп еді төлемей. Кейін іштегі балаға 3 ай болғанда ата анама айттым. Енді біраз айқай болды. Но сонда да мені қолдады, и жігітімнің үстінен арыз жаздық сол кезде.

Үйленген ер азамат екенін білдім. Баласы жақында туылды и содан соң ол жігіттің маған айтпағаны жоқ. Содан кейін мүлдем көріспей, сөйлепей кетіп едік. Енді міне ұлымды босанғаныма 2 ай болды. Және өзімнен кіші жігіт сөз айтып жүр еді. Мамамен де сөйлесіп екі жақ келісіп қыста кететін болып шештік. 

Енді бәрі дұрысталды ма дегенде, кеше ұлымның әкесі жазды. Әйелімен ажырасыпты, маған келгісі келеді екен. Менің де әлі сезімім бар. Бір жағынан ұлымның туған әкесі ғой. Енді екі ойлы болып тұрмын кімге ұлым екеуміздің болашағымызды тапсыратынымызды білмей. Жәй ғана ақыл кеңестеріңізді айтсаңыздар", - деп жазды ол. 

«Сендер осылай уағыз айтасыңдар, сонда мен нестеуім керек?»: Зорланған қыз молдаларға шүйлікті
Бала кезде алған травмам үшін, анама ренжи де алмаймын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу