Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Менің амалым таусылып, қолымнан келер шара болмай сіздерге жазып отырмын. Жасым 35 ер адаммын, отбасымда 6 ұл, 3 қыз және ата анам. Балалық шағымыз тек қорқынышпен өтіп келе жатыр.
Әкем біз ес білгеннен ішіп келе жатыр! Анамды ұрып соғуын әлі де тоқтатпады. Үш әпкем тұрмыста бала шағалы, үшінші ағаммен бесінші ағам отбасылы, бөлек тұрады. Мәселенің бәрі үлкен ағаммен әкемде болып тұрғой. Ол ағам 47 де жасы неше рет сотталғанын ұмытыпта қалдым шындығы. Жас кезімізден бізді ұрып соғып, қыз ұл кіші үлкен демеген. Бір ағамның қолын кесіп тастап, одан екінші ағамды пышақпен дене қолын тілкілеп, тағы бір ағамды балдарының көзінше өлтіремге салып пышақпен қуалап, ол әрең терезеден қашып кетті, мен өзімді де ауылдағы ағын суға тұншықтырып ұрып бетімнен бет қалдырмаған, екі апкемді қанын сорғалатып талып қалғанша ұрып, әкемді де талай рет ұрып қан жуса еткен. Бұның бәрін көршілеріммен отбасымыз біледі! Енді ең сорақысына келсем, өз қарындасын яғни үшінші әпкемді мектеп кезден зорлап келген. Анам ортаға түсіп бізді арашалайды. Бірақ күші жетпейді, әкем дым деп айталмайды айтса бітті оныда сабайды, бұл не қорлық бізге. Осы өткен 2023 жылы тамыз айында анамды шашыннан сүйреп ұрған, әкем әрең ажыратып алып анама қаш деп айтып үлгерген, анам немере қызын алып, ауыл сыртына забордан су кешіп әрең қашып құтылып, әпкем үйне барған. Әпкем дереу больницаға апарып, сол жердің полициясына арызданған. Олар істі қарамай бірнеше күн жүріп алды. Бүкіл отбасымызбен жиналып барсақ пышақпен қуып шықты.
Полицияларға хабарласып ағамды үйден келіп қол аяғын қайырып алып кетті. Наркология орталығына апарып 6 айға жатқызды. Біз тікелей түрмеге апаруын талап еттік, арадан 1 ай өтіп сот болды, сол баяғы анам сотта кешірім беріп шығарып алды. Анамыздың сөзі үшін дым дей алмадық. Ол қайта әдетіне салып бізге звандап қорқытып үйге қадам бассаңдар бастарыңды кесемін деп. Қаңтар айында әкем инсульт боп құлап қалды, больницамен больница жүгіріп аяққа тұрғызалмай жатқанда, ағам бәрімізді боқтап қырып ұрып соғып ішіп шум көтеріп соңы тыныштық болмаған соң қайта 102 шақырып әпкемдер арыз жазып тапсырдық. Не себепті білмейміз қайта наркологиялық ортаға жатқызған, міне 3-4 күн қайта келіп алған қайта сол әуен. Нарко орталықта жатқанда әкеме звандап мені шығарып алмасаң яғни осындағы қызметкерлер қоңырау шалғанда ия шығарыңдар демесең, мен 2 айда шығамын сол кезде тозақ етем өміріңлі деп қорқытқан. Әкем қорыққаннан ия деп келісімін берген. Жалпы психикасында ешқандай ауытқуы жоқ! Неге оны қамап үлкен срок бермейді. Анам бас кешті, бауырларымыз бәрі баз кешті. Неге шара жоқ? Бір отбасыннан барлық кісі зәбір көріп отыр, тіпті өз қарындасын бірнеше жылдар зорлап келген, әділдік қайда екен. Қолым дірілдеп көзім жасқа толып әрең ойым жинақтап жазып отырмын. Сіздерден жалына көмек сұраймын өтініш көмек беріңіздерші бәріміз арыз жазамыз. Әпкемді зорлағанын тек әпкем екеуміз білеміз қалған ешкім білмейді.
Енді не істерімізді білмейміз.
Ләззат Ракишева
Instagram парақшасынан