Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Белгілі заңгер, психолог Ләззат Рақышеваның парақшасына кішкентай кезінде нағашысы зорлаған келіншек жан сырын ақтарған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Ол кезде 7-8 жаста едім", - деп бастады келіншек әңгімесін. Кейін ересек шағында сол зорлаған нағашысын үйінен қуып шыққан ол, өзі ғана емес, бөлесі де жәбір көргенін білген.
"Жасым 35-ке келгенде, шешем інісін ертіп үйіме келіп тұр. "Не болды нағашыңа 1 шай беруге жарамай қалдың ғой" деп. Інісі бір ауылда тұратын еді. Апасына қыдырып келген ғой. Аузыма келгенді айтып, боқтап-боқтап екеуін де қуып шықтым. Шешем шошып кетті. Естігені сол екен, інісін көрмей кетті "өл" деп.
Негізі жақсы семьяда өстім, әкем арақ ішкен емес, ішкеніміз алдымызда болды. Жаңағы ит әке-шешем жұмыста болғанда, қыдырып келіп істеп жүргені маған. Біздің үйден шыққасын шешем інісін апасының үйіне апарған. Апасына да айтқан менімен болған жағдайды Арғы бөлмеде апасының да жалғыз қызы естіп отырған әңгімені. Содан ол да бақырып шыққан, "ол мені де зорлаған" деп. Екі апасы да "өл, ит" деп қарғаған жалғыз інісін.
Негізі балалық шақтағы травма өмір бойы қалады екен. Қазір ә десе, мә дейтін нағыз көкбет болдым. Ешкімге сенбеймін. Тіпті, қасымдағы күйеуіме де. Күйеуім артымнан 2 жыл жүгіріп алды. Бірақ керіскенде аузына келгенді айтып "светоша" деп бетіме басты. Қол көтерді. Бір күні сондай ұрыста, 3 баламды алып кетіп, қаладан үй жалдап қашып кеттім. Алиментке бердім. Сөйтіп 3 ай тығылып, көзіне көрінбедім. Мені іздемеген тесігі қалмаған. Содан досы арқылы шешемнің үйін аңдыған. Сөйтіп адресімді білді тығылып жатқан. Жылап көрісті балаларымен, менімен. Содан кейін к*тін қысты. Қазір шүкір ұлым ұяда, қыздарым қияда. Бақытты әжемін. Үйіме ешкімді қондырмаймын. Немерелерімді көзімнен таса қалдырмаймын", - деп жазды ол.