Қайын атамның әрекетін айтуға ауыз бармайды, оны абысыным да растады
"22 жасымда тұрмысқа шықтым басқа ауылға. 23жасымда балалы болдым", - дейді заңгер Ләззат Рақышеваның парақшасына қайын атасының адам сенгісіз қылығын жазған келіншек. Айтуынша, келіннің сөзіне өзінен кейін түскен кіші келін де қайын атасын айыптаған соң ғана сенген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Бір күні түскі шайдан кейін бөлмемде ұйықтап жатқам. Балам манежде. Аяғымды біреу сипап "бір берші, бір рет" деп үстіме төніп жабысты. Көзімді ашсам атам. Өзі араққа тойып алған. Шошып жұлқынып, жағаласып қаштым далаға жалаң аяқ. Ол кезде атамның жасы 54-те еді. Балам қалды манежде. Екі қайным үйдің алдындағы ойын алаңында футбол ойнап жүр еді. Шақырдым үйге "әкелерің есікті кілттеп алды, ашпайды көмектесші" деп. Баламның даусы шықты жылаған іште. Екі қайным есікті дүрсілдетіп қағып, тепті есікті. Бір уақытта шал есікті ашты. Өтірік мүләйімсіп "не болып қалды?" деп. Сол уақытта енем де келді жұмыстан. Үйге кіріп баламды қолыма алып, айттым енеме болған жағдайды.
Шал мойындамады өтірік деп. Күйеуім вахтадан келгесін айттым болған жағдайды. Ақай-шу, ұрыс-төбелес болды. Соңында енем мені өтірік бөлек кету үшін жала жауып тұр деді. Бәрі өтірік деді күйеуіме. Содан күн өте берді, бір күні далаға кір жайып бөлмеме кірсем шал тұр. Қолында менің көйлегім иіскеп тұр ма, жалап тұр ма бірдеңе қылып тұр. Маған қарап "сені жақсы көрем" деген ғой... Айқайлап қуып шықтым бөлмемнен. Ол кезде сау болатын.
Енем жұмыстан келгесін айттым "бізді бөлек шығарыңыз" дедім. Шығарғысы келмей қипақтады. Себебі баласы ақшаны жақсы тауып тұрды. 3-4 жыл өткесін, екі қайным үйленді. Баяғы шалдың ауруы тағы басталды. Кіші келін шошып, жылап күйеуіне айтып, тағы айқай болды. Баяғы менің енем айтқан өтірігі шын екеніне бәрінің көздері жетті. Маған ол кезде бәрібір еді. Ол кезде қасымдағы күйеуім де сенбеді, мамасының сөзіне еріп. Өтірікші болдым.
Бөлек шыққаннан кейін де ұрысқанда, мамасының сөзін айтып, "бөлек шығу үшін өтірік концерт қойдың" деп, "әкеме жала жаптың" дейтін. Кіші келін "атам жабысты" дегенде, "өтірік айтады" деп күліп шығып кеттім енем мен күйеуіме.