Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
"Тұрмыс құрғаныма біраз болды" дейді заңгер Ләззат Рақышеваның парақшасына енесінің көңілін табамын деп әлек болған келіншек. Айтуынша, енесі абысыны екеуін бөліп-жарады екен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
(Фото көрнекілік үшін ашық дереккөзден алынды. Материалға қатысы жоқ)
"Енем абысыным екеумізді бөліп-жарады. Бір үйді тұрамыз. Өзіме қатты білінеді. Күйеуім де, енем де "олай емес" деп қояды. Одан қалса абысыным күйеуімнің қасынан шықпайды. Қайда барғысы келсе де ертіп кетеді. Өзінің күйеуі жұмыста. Қайда болмаса да "барып келейікші" деп тұрады. Жыным келеді. Менің айтқанымды әрең істейді. Абысын айтса бірден істейді. Төркінге де абысынды жібере салады. Маған келгенде "не бар?" деп шығады. Ажырасып кетейін десем балаларым жетім қалмасын деймін.
Уже шаршап кеттім. Абысынмен ене үшін қанша ұрсысып қаламыз. Күйеуім мені кінәлайды. "Қойшы деп жүре бер" деп шығады айтсам. Жақтамайды мені олардың көзінше. Босанғасын 40 күн түгілі 10 күн де күтінбедім. Енем абысынды емес, мені жұмсап отырады. Оның түскеніне біраз болған. "Мен істеп қойғам, сенің кезегің" дегендей отыра береді. Күйеуіме айтсам айғайлап "не істейін?" деп шығады.
Енем абысын кетіп қалмасын деп отырады. "Балам бастық, зияны тиеді ажырасса" деп. Біз үшін басын да қатырмайды. "Балам ішпейді, шекпейді" деп шығады бірдеңе болса. Абысыныммен қалай сөйлессем болады?", - деп жазды ол.