Күйеуім менің көзімше қызымды салып қалды

Oinet.kz 02-08-2024 1495

Белгілі заңгер, психолог Ләззат Рақышеваның парақшасына бір келіншек күйеуінің қыздарына деген суық қарым-қатынасын айтып, көмек сұрап жазған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.jpg

"Көпті көрген апаларымнан ақыл сұрағым келеді. Жолдасым екеуміз үй болғанымызға 4 жыл уақыт болды. 1 қызым бар және аяғым ауыр. Күйеуім ашуланса шеттен шығып кетеді, өз-өзін басқара алмайды. Боқтап, "Кет! Құры! Ббілгеніңді істе!" деп ойланбай сөйлейді. "Жарайды жұмысы ауыр, біз үшін жүр ғой" деп көбінесе үндемей қаламын. Семьяны сақтайын деп үндемей қалатынмын. Соңғы уақытта көп сөзге келіп қалатын болдық. Себеп: Аңдығаны телефон. Бас алмайды

Соңғы ұрыс кеше болды. Қызым "Әкешім" деп қасынан шықпай еркелеп жүр еді, қарамайды мүлдем телефон шұқылап отыр. Айттым "қызыңа қарашы күні бойы сені күтеді" десем мән бермейді. Бір кезде қызым үстіне аунап еркелеп ойнап жатыр еді, аяғына қатты құлап кетсе керек, қызымды салып қалды ұрып.

Ер адамның қыз балаға қол көтергені енді... Білмеймін мен үшін артық. Тем более әкесі болса! Сонымен мен де шықтым "Есің дұрыс па? Қыз емес па? Жарты сағат болсын көңіл бөлсейші" десем, "Өліп қалшы осы сен! Су*алар, өмірімнен құрыңдаршы! Жоғалыңдар", - дейді", - деп жазды хат иесі. 

«Бесік төңкеріліп жатыр»: Өз күйеу баласын орнына қойған келіншек сырын айтты
Нағашымның кесірінен ә десе, мә дейтін көкбет болдым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу