Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Белгілі заңгер, психолог Ләззат Рақышеваның парақшасына бір келіншек сіңлісінің басынан өткен оқиғаны жазған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Айтуынша, күйеу баласы сіңлісін қорлауын қоймаған соң тәртіп сақшыларын шақыруға тура келген.
"Осыдан 5 жыл бұрын телефоным шыр етті, алсам күйеу бала, яғни сіңлімнің күйеуі. Ішіп алған. Бірдеңе деп оттап жатыр. Содан күйеуіме жүр деп, үйіне бардым. Барсам шифонерді құлатқан, бесік төңкеріліп жатыр, балдары үрпиіп бұрышта. Сіңлім жүр жылап. Қолында емшектегі баласы.
"Мынауың не?" десем күйеуіне "шаруаң болмасын" дейді. Сөйлескеннен толк жоқ екенін түсіндім. Сіңліме милиция шақыр дедім де, шығып кеттім. Үйдің сыртынан бақылап тұрдым. Полиция машинасы келді, күйеу баланы алып кетті. Таңертең сіңліммен хабарластым "хабар бар ма?" деп. Күйеуі таңертең келген, "үнсіз жатып қалды" деді. Енді ішіп келіп айқай шығарса,102 шақыр дедім. Содан тағы осылай 2-3 рет шақырған, 3-ші рет алып кеткенде, 102-нің жігіттеріне мың алғыс, шапалағын күйеу балаға дұрыс берген екен. Сол сол екен ішіп келгенде үнсіз, айқай шығармай жатып қалады дейді. "Сен жаман қатын болыпсың, баяғы Айгуль емессің. Сеннен қорқайын дедім" дейді екен күйеуі. "10 жылдан бері арақ ішкен адаммен жағаласып, таяқ жегенше неге милиция шақырмадым екен" деген ғой, осындайда милиция шақыруға болатынын білмедім деп. "Қазір ұрса сотталатын заң шыққанын естіпті күйеуім" деп күледі сіңлім. Сіңлім өте-өте жуас қыз, үні шықпайтын", - деп жазды хат иесі.