Шайыма етеккірін қосып беріп жүрген екен

Oinet.kz 07-04-2024 8398

Мен ер адаммын. Жасым 30-да. Үйдің жалғыз баласымын. Әкем қайтыс болып кеткен. Көптен бері осында сырын ақтаратын әйелдерге қызығып, батпай жүргем. Бірақ бәрін ақтарып жазам деп шешім қабылдадым. Мен атамның қолында өскенмін.

Screenshot_4.jpg

Мен Осыдан 4 жыл бұрын мед.академияның 7 жылдығын оқып тауыстым. Оқу бітіре салып жақсы жерге қызметке тұрдым. Қызметім өзіме қатты ұнайтын. БІрақ...

Бір күні жұмысқа жаңадан бір қыз келді. Есімі - Нұрай болатын. Басында көргеннен ұната қоймадым. Себебі, тырнағы екі метр, ерні ботекс, өте ашық киінетін, мәдениеті төмен қыз еді. Өздеріңіз де байқайтын шығарсыздар, медицина қызметкерлері үсті-бастарын мұнтаздай қылып ұстайды ғой. Мен де сондай едім. Ішпеймін, шекпеймін. Оқып жүргенде группаластарым "актер болатын жігітсің ғой" деп қалжыңдайтын. Көп сөйлемеймін. Бірақ ашулансам жер дүниені төңкеріп жіберем.

Содан қойшы, сол Нұрай келген күннен маған жабысып "флиртовать" етіп жүрді. Мен оны түсінбегенсіп, әлдеңе деп тіл қатса суық жауап беріп жүрдім. Бірақ осыдан 5 ай бұрын бәрі өзгерді.

Нұрай асханадан қызыл каркаде компот алып келді. Маған да бір стакан ұстай келіпті. Ойымда ештеңе жоқ шөлдегесін рақметімді айтып ішіп алдым. Содан бастап менің өмірімді түрлі келеңісіздіктер орын ала бастады. Үш рет көлік апатына ұшырай жаздадым. Үшеуінде де періштем қағып қалды. Бірақ үшіншісін де әлдебіреудің "бұл сенің соңғы мүмкіндігің, енді сені ешкім құтқара алмайды" дегенін анық естідім. Көлігімде ешкім жоқ еді.

Үсті-басыма да аса қарамай кеттім. Көйлек, шалбарларымды үтіктемей киіп кететін болдым. Сөйтіп жүріп, Нұрайға үйленіп тындым. Жалғыздары үйленетін болған соң, анам мен атам қатты қуанды. Бірақ мен өзімнің не істеп жүргенімді түсінбедім. Тойдың қалай өткені, қанша уақыт болғаны, кімнің келіп, кімнің келмегені мүлде есімде жоқ. Той өткен соң, алғашқы неке түнінде  Нұрайдың пәк емес екенін көрдім. Бұрын мен үшін қыздың пәктігі аса маңызды болатын, себебі өзім ешкімнің обалына қалмағанмын. Сол күні мен Нұрайды ештеңеге жазғырмадым, ештеңе сұрамадым. 

Ертесіне маған бірдеңе болып жүргенін, барлық нәрсеге өте салғырт қарайтынымды ойланып отырсам, Нұрай бөлмеге шай алып кірді. "Ішпеймін",- деп едім бұлданып, қайта-қайта ішуімді өтінді. "Жақсы қоя сал, кейін ішемін" дедім де, киініп үйден шығып кеттім.

Қала сыртындағы ауылдардың бірінен дәу бір коттеджді жалға алап, үш күн бойы сонда жаттым. Бірінші күні бас көтермей ұйықтадым, екінші күні өмірімдегі соңғы оқиғалардың бәрін ойландым. Үшінші күні "ажырасам" деп шешім қабылдадым. Нұрай - мен қалаған қыз емес болатын. 

Келесі күні таң азанымен үйге бардым да құшақтап амандаспақ болып ұмтылған Нұрайға "жинал" дедім. Ол жұмысқа деп ойлаған болса керек сөзге келмей жиналды. Сосын көлігіме отырғызып, үйіне апардым. Нұрай:

- Неге келдік?,- деп сұрады. Мен ештеңе айтпай:

- Түс,- деп бұйырдым.

Ол біраз истерика жасады. Қинап тастап кеттім. Кейін үйдегілерге ажырасқанымды айттым. Әлі ЗАГС-ке тұрып үлгермегенбіз. Анам біраз жылады, бірақ соңғы уақытта менің қатты өзгергенімді ол байқапты. Сол үшін шешіміме қарсы шықпады. Атам тіпті қолдады, Ол кісі үнемі қолдау танытып отыратын.

Кейін анам тәуіпке барып бір оқытылып алуым керек екенін айтты. Сөйтсем, мен Нұраймен танысқалы түнде үнемі шошып оянған екенмін. Бұрын жұмыс пен үйден бөлек суыт жүрісім жоқ еді, түнделетіп көп қаңғырып кетіппін. Тіпті, бірнеше рет нағашы ағаларым ажал айналдырып жүр ме, бір жерде асылып қала ма деп қорқып, түнде көлігімнің артынан аңдып та көрген екен. Сонда мен еш бағытсыз, қаланы айналып жүре береді екенмін. Ешкіммен жолықпай.

Сосын анам Нұрайдың құрбыларымен сөйлесіп, оның менің сыртымнан оқытып жүргенін, ай сайын сусындарыма етеккірін қосып ішкізіп жүргенін білдік. Кейін ойланып қарасам, расында да Нұрай маған үнемі қызғылт сусындар немесе шай ұсынатын. Мұны біраз қыспақтағасын Нұрайдың өзі де мойындады. Мен оған "достойный вариант" болғаннан кейін, осылай басымды айналдырып алам деп ойлаған ғой.

Атам "Сенің әруағың мықты. Бұдан да жаман болар ма еді. Ертерек бәленің басын ашып, құтылғаның дұрыс болған екен",- деді. Расында да үш рет көлік апатынан аман қалдым ғой. 

Енді қазір ойланам. Сол неке түнінен кейін әкелген шайын ішсем әлі тірі өлік болып жүре берер ме едім деп...

Жігіттер, қазіргі қыздар мыстаннан да қатыгез, айлалы екен. Сақ болыңдар!

Күйеуім мысықты менен артық жақсы көреді
Бойжеткен қыз кедей ата-анасынан ұялатынын, оларды жек көретінін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу