Бойжеткен қыз кедей ата-анасынан ұялатынын, оларды жек көретінін айтты

Oinet.kz 07-04-2024 3333

Instagram желісіндегі astana_forum парақшасында 25 жастағы қыз ата-анасымен қирағалы тұрған үйде тұратынын, жігіттермен кездесуге ұялатынын айтып, мұңын шақты. Жас қыз отбасындағы кикілжіңнен шаршағанын, жігіттермен неге кездеспей жүргенін ашық жазды. 

Screenshot_5.jpg

«Күйзеліске түскен қыздың оқиғасын оқыдым. Менің де жағдайым осыған ұқсас. Алайда оның себебін білемін. Ауыр жұмыс, маскүнем әкеммен арадағы жанжалдан жеке өмірім жоқ. Ақша да жетіспейді. Жасым болса 25-те. Ашығын айтқанда, ата-анаммен "қорада" тұрып жатырмын. Жеке жер үйіміз бар. Ол мүлдем қоршалмаған, әрі үйдің ішіне дұрыс жөндеу жүргізілмеген. Мен жігіттермен кездесуден қашып жүрмін. Себебі, үйімнен ұяламын. Барлық жігіт қызды үйіне дейін шығарып салады ғой», - дейді ол. 

Ол өнегелі отбасы мұндай үйде тұрмайтынын,  ал әкесіне арақ пен теледидардан басқа ештеңе қажет емес екенін жазыпты.

«Әкем арақ ішеді. Ол менің тұрмысқа шығатынымды ойлаймайды.  Күйеу жігітті қалай үйге кіргіземін? Үйдің шаруасы анам мен менің мойнымда. Біз барлығына жауап береміз. Екеуміздің жалақымыз 80 мың теңге. Ол ақша неге жетеді? Анам бұрыннан үйден кетіп қалғысы келетінін айтады. Бірақ баратын жері жоқ», - деп ашынады жас қыз. Сонымен қатар желі қолданушысы үйді жөндеу үшін тағы кредит алу қажеттігін қынжыла жазды.

«Үйді жөндеу үшін кредит алу керек. Кейін тағы да ақша жетпейді. Барлығы қайталана береді. Өмір керемет», - дейді ол. 

el24kz

Шайыма етеккірін қосып беріп жүрген екен
15 жасар жеңіл жүрісті қыз баламның басын қатырып жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу