Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Бұрын отбасы құрмаған кезде, мен болашақ жарыммен кездесіп жүрдім. Ол кезде мысық асырамайтын. Жеке басын ойлап қу тіршілікпен жүретін. Кейін бір бірімізді ұнатып сүйіп қосылдық.
Алғашқы жылдары біз кішігірім 1 бөлмелі үйде тұрдық. Кейін ақша жинап бірігіп сатып алынған жердің іргесін тұрғызып, үйіміздің төрт қабырғасын қоршадық. Кейін көшіп барып орналастық кең үйімізге. Қазір отау құрғанымызға 4 жылдан асты. Бір ұлымыз бар, жасы 2-де. Жолдасым жануарларды қатты жақсы көреді. Бірақ ол менің рұқсатымсыз асырамайтын. Соңғы екі айдың ішінде келіспей қалып, бір бірімізге мінез көрсетіп ерегіскен едік. Содан жолдасым өз дегенін орындады. Көшедігі қаңғыбас аш мысықтарды үйге əкеліп асырай бастады. Кейін олар көбейді. Арасында тарататын, тірі қалғандары өмір сүруін жалғастыратын. Өліп қалғандарын жерлеу рəсімін өткізіп аяушылық танытып қоштасатын.
Қалай көбейіп кеткенінде білмей қалдым. Жұмыстан келсем алдымнан мияулап қарсы алады. Мен ұнатпасамда қасыма келіп еркелейтіндері де болды. Кішкентай ұлыма ермек. Қанша мыжғыласада қасынан кетпейтіндеріде болды. Сол мысықтардың арасында ең жақыны болатын жолдасым үшін. Соны көп еркелететін. Маған айтпаған жылы сөзін соған айтатын. Жеке отырып сөйлесейін десем, баяғы мысықтарының қылықтарын айтып мəз болады. Үлкен дəретке кез келген жерге тастап кететіндері де бар. Солардың боғын өзі тазалап, мысықтармен сөйлесіп түсіндіретін. Мен болса ойлап қоямын. Мыналарың сөзді қалай түсінеді деп.
Одан тыс кейбір мысықтарға есімдерін қойған. Біреуіне менің сіңілімнің есімін қойғанда менің ашуыма тиген. Демалыс күні жолдасымның қасында жатайын десем. Анау мысықтар пырылдап қасымызға келіп алатын. Оянған сəтте олардың біреуі маған жымиған кейіпте қарап тұратын көзін қысып.
Осы ойлап қоямын. Бəлкім мысық болып туылуым керек шығар деп. Меніде еркелетінімді қалаймын. Жолдасым үшін шыдап жүрмін. Жəне жалғыз ұлым мысыққа жақсы алданады. Бір бірімен алысып ойнағанын көріп мəз болады.
Ең қиыны, олардың айына бір рет жұптасып некелесіп мама папа болып жақындасуы. Түні бойы бажылдаған дауыстары маған мүлде ұнамайды. Жолдасым үшін мен оларға мүлде ұрыспаймын.
Психолог Жарқанаттың хатынан