Жексұрын күйеуіме қарап, одан 2-ші баланы туғым келмей жүр

Oinet.kz 19-03-2024 768

Аяғым ауыр, бірақ туғым келмейді. Алдырып тастауға күйеуім қарсы. Дегенмен өзі ішеді, мен жұмыссыз үйдемін. 1 ұлымыз бар. Оған киім, тәтті, анау-мынау ештеңе әпермейді. 

Screenshot_3.jpg

Күйеуім азық-түлік алмайды. Киімге ақша бермейді, жолдастарын сыйлап соларға арағын әперіп жүреді. Жалақысы соған кетеді. Аяғым ауыр болса да арақ ішіп ұрды. Жанжалдасып, енді алғызып тастаймын десем кетесің үйден дейді. Гинеколог керек еді, рецептсіз бала түсіретін дәрі сатпайды екен. Енді не істесем екен, басым қатты. 3 жыл болды өз ақшасын өзі ұстайды. Енемді тыңдамайды, ақшасын босқа құртады. Енді не істесем екен. 1 баламен ажырасқым келген. Үйдегілер баланы жетім қылма дейді. Шыдасам жүйкем кетіп жатыр. Туғым келмейді, ол асырамайды. Мен үйде отырсамда киім, косместика ештеңе сұрамаймын. Осы айда алиментке берем баланың ақшасын беріп тұр десем, үйден кетесің дейді. Ең болмаса 200 мың жалақыдан 50 мың беріп тұр десем бермейді. Беретіні 10-20 мың ғана. Шаршап кеттім, ештеңеге зауқым жоқ.

Осы жолы ішіп алған, түн ішінде досына кетейін деп жатыр. "Бармайсың" деп қарсыласып едім ұрды. Біледі аяғым ауыр екенін, тек өзінікі дұрыс болу керек. "Ты кто такая қарсы шығатын" деп ұрды. 

Ол менің қадірімді білмейді, Сол үшін туғым келмейді. 

Ләззат Ракишеваға келген хаттардан

Күйеуімнің осы қателігінен балам іштен ауру болып туылды
Жеңгеме күйеу іздеймін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу