Күйеуімнен тірі кезімде қашып құтылғым келеді

Oinet.kz 06-04-2024 3413

Сізге жазуға көп ойландым. Жазбасам болмады. Бәрін басынан айтайын десем өте ұзақ. Мен 16 жасымда тұрмыс құрып 6 балалы болдым. Дәл қазір абьюзер күйеудің қысымыннан шаршадым, белімді беккем буып осы абьюзерден қашқалы отырмын.

Screenshot_11.jpg

Бес баламмен, біреуі яғни үлкенім басқа қалады тұрады. Қашпасам болмайды "ажырасуға арыз жаз" дейді де, "егер жазсаң телефоныңды аламын, сосын бетіңді тіліп шрам салып кетемін" дейді.

Біресе "өл" дейді, біресе "балаларды тастап өзің әке-шешеңнің артынан құры" дейді. Ата-анам қайтыс болған. Апаларым бар бірақ оларды адам құрлы көрмейді. Енді ертең үйден қашып шыққалы тұрмын екі-ақ билетім бар пойызға, сонымен ептеп барамыз.

Мен бәрінен шаршадым, өліп қалайын десем балаларымды қимаймын. Давлением 160-180-ге қайта қайта көтеріліп тұр. Тірі кезімде құтылғым келеді. Не істесем болады? Бір жағынан ауылды су басып қалаға маршрут болама жоқпа белгісіз болып тұрғаны. Жолдарды су шайып жіберіп жатқан көрінеді. Заңмен қорғансам деймін. Қасында отырып полиция шақырған пайдасыз...

Ләззат Ракишева

Instagram парақшасынан

Күйеуім мүгедек баламның түбіне жетпекші
Дем салдырам деп барған молда арам ойлы кісі болып шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу