Қазақтың ырымының кесірінен көгілдір (гей) болып кете жаздадым

Oinet.kz 17-02-2024 1825

Мені мазалап жүрген ой туа біткен сыртқы келбетім. Кішкентай кезімде 5 жасыма дейін мені қыз секілді киіндіретін. Ұл болып туылсамда дене бітімім мен түрім қыздарға көбірек ұқсайды. Қанша тырыссамда ер мінезді бола алмадым. Жан-дүнием де дене-бітімім секілді. өте нәзік болды.

Screenshot_5.jpg

Фотоның мақалаға қатысы жоқ

Маған дейін төрт ағамның үшеуі шақалақ кезде шетінеп кеткен екен. Сол себепті де ата-анам мені қазақы ырымға жүгініп, көз тимеу үшін және Әзірейлі алып кетпес үшін қыз секілді киіндіретін. 14 жасқа келгенде анам дүниеден озды. Əкем сауда-саттықпен айналысып бізді бақты. Әкем үйде жоқта әжем бас-көз болатын. 

Кішкентай кезімде үй алдында ойнағанды жақсы көретінмін. Сол кезде менімен ұлдар емес, қыздар ойнауға әуес болды. Қыздар түріме қызығып қарайтын. "Ой қандай сүйкімдісің" деп таңданыстарын жасыра алмайды.  

Бірақ есейе келе сыртқы келбетім басыма сор болып жабысты. Ұлдар мені шеттететін. "Қызтеке" деп келемеждейтін. Оған мен өкпелеп, іштей қатты қынжылатынмын. 

Өзім ақшылдау келген нəзік денелімін анама көп ұқсайтынмын. Ауру қалса да əдет қалмайды. Сыртқы келбетім ұқсағанан бұрын қылықтарымда қызға ұқсай бастады. Үйде өзім жалғыз қалғанда кейбір кездері қыз секілді киінгенді əдетке айналдырдым. Соңғы кездері түсініксіз сезімдер пайда бола бастағанын аңғардым. 

Анам дүниеден озғанан кейін əкем ішімдікті анда-санда ұрттап тұратын әдет шығарды. Бір күні үйге əкемнің достары келді. Барлығы отырып бірге арам судан ішті. Сол түні бəрі біздің үйде ұйықтап қалған еді. Үлкен бөлмеде ұйықтап қалған мен қасыма әкемнің досы келіп жатқанын аңғардым. Есін білмей, әрдеңені бір сандырақтап жатыр. Бір кезде ол мені аймалай бастады. Мен оны итеріп жіберіп қашып кеттім. 

Колледжде оқып жүргенде маған интернеттен түрлі еркектер жазатын. Сөйтсем елімізде көгілдірлер көп екен. Олар маған арсыз ұсыныстар жасады. Мен оларды бұғаттап тастайтынмын. 

Кейде қатты күйзелем. "Неге мен бұндаймын?" өмірге қапа болам. Неге ер азамат сияқты қатаң емеспін. Жүргенде де шыбықтай майысып, іс-қимылым, даусым өте нәзік шығады. Сөйтсем үш ағамның шетінеуінен анам үлкен күйзелістке батып жүргенде мені көтерген екен. Анам күйзелісте жүргені мен жатырда жатқанда қатты әсер еткен секілді. Соның салдарынан ағзамда еркектік гармон толық жетпей қалған. Содан әлжуаз болып туғам. Одан кейін мені қыз секілді киіндіріп, қыз сияқты қарады. Ол да әсер еткен болу керек. 

Қазіргі таңда өз-өзімнен қымсынуды қойдым. Білікті тəжірибелі психологқа барғалы өзгеруіме себеп болды. Ол психолог намаз оқитын. 

Кейін ер мінезді қызды жолықтырдым. Ол қазір менім екінші жартысым, өмірлік жарым. Ол еркекшора, мен қыз мінезді болғасын ба, әңгімеміз жарасып кетті. Себебі өзім нәзік болған соң нәзікжанды қыздармен сөйлесе алмайтынмын. Нәзік деген қыздар менің қасымда ер мінезді болып тұрады. Үйленбей кетем бе деп қауіптеніп едім, Құдай өзі бағымды ашты. Ең бастысы тура жолдан таймай, ақыреттен қорықсақ болды. 

Жарқанаттың хатынан

Енем мен күйеуім мені банкомат көреді
Сүймеген жанның байлығы сүйген адамыңды ұмыттыра ала ма екен?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу