Полиция қызметкерлері өз қызының ернінен сүйсе ғана қимылдай ма сонда?

Oinet.kz 16-02-2024 1187

2024 жылғы 28 қаңтар, яғни демалыс күні, біз көпқабатты үйде тұрамыз, лифтіні карточкамен қолданамыз, лифт карточкасы таусылған соң 12 жасар қызымды сол карточканы ауыстырып келуге жіберемін сағат түскі 15-00 шамасында.

Screenshot_15.jpg

Біз жолдың бергі бетінде тұрамыз, карта ауыстыратын жер - жолдың арғы беті. Қызым сол жерге барғанда 1800 теңге жібер каспиголдқа деп жазды ватсаптан, мен жібердім ақшаны.

10-15 минуттан соң қызым үйге жылап келді, «мама, карточка ауыстыратын ата менің белімнен ұстап, өзі отыратын жаққа сүйреді, «жүр, менің қасымда біраз отыра тұр» деді, мен ол кісіге «жоқ, бармаймын, мен үйге баруым керек» деп шығатын есікке қарай ұмтылдым, сол кезде ол кісі менің оң бетімді қолымен ұстап, ернімнен сүйді» деп жылап айтты. Мен ойланбастан 102-ге хабарласып, болған жайды айттым. Полиция өз кезегінде шұғыл түрде қимылдап, 4 минутта жетіп келді, біз қызым екеуіміз үйден шыққан кезде, полиция біздің үйге келіп, оқиға болған жерге бірге бардық.

Полиция оқиға орнын тексеріп, бейнежазбаны алды, бейнежазбада қызымның белінен ұстап, өзі отыратын жерге өтетін есіктің алдында тұрғаны түскен, өйткені бейне камера қиғаш орнатылған, ал шығатын есік жақ камераға көрінбейді, сол шығатын есіктің алдында менің қызымның оң бетінен ұстап, ернінен сүйген

1-2 сағаттан соң Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына барып, сол жерде болған оқиға бойынша арыз жазып, түсініктеме жазып қалдырып кеттік.

10 күннен кейін полиция жақтан ешқандай хабар болмаған соң, мен Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы прокуратурасына бардым, менің жазған арызым тіркелмеген және ешқандай тергеу амалдары жүргізілмегенін білдім.

23.02.2024ж. маған учаскелік инспектор "сотқа жүріңіз" деп келді, "қандай сот" десем, "сіздің арызыңыз бойынша әкімшілік жаза көрілетін болды" дейді, мен бармаймын сотқа және келіспеймін әкімшілік жазамен, сендер ол педофилдің өзін педофил сезінуге мүмкіндік бермей жатсыңдар, сонда кәмелетке толмаған қыздардың белінен ұстап, ернінен сүю" мелкое хулиганство болғаны ма" деп ашуланып, сотқа бармадым. Бұл мен ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ-не Е-өтініш арқылы арыз жазған соң, істі тіркеп, сотқа жіберген түрлері, ал егерде мен үндемей жата берсем, оларда жата береді екен.

Менің жанымның шығып жатқаны, бүгін менің қызымның белінен ұстап, ернінен сүйсе, бұл хайуан полиция мен прокуратураның арқасында жауапкершілікті сезінбесе, ертең басқа бір қызға не істейтінін ойлауға қорқамын.

Прокуратура мен полиция ҚР ҚК 124-бабын қолдануға кімнен, неден қорқып отыр?

Миым жетпей қойды, сол прокуратура мен полиция қызметкерінің қызының ернінен сүйсе ғана қолданатын бап па ол?

Ләззат Рақышева

Instagram парақшасынан

Бір жас қатын шалымның ақшасын сорып отыр
Өгей ағам мені көрген сайын кезіндегі қорлығы үшін кешірім сұрайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу