Анасын сабаған жігіт ит өліммен өлді

Oinet.kz 06-01-2024 2555

Сонау жетпісінші жылдары жаңадан құрылып жатқан бір совхозға шофер болып бардым. Бір жағы рулас ағайын бір жағы өзіммен бірге машина айдайтын тапалтақ бойлы келген, жылдам қимылды жұмыстас жігіт: «Мәке үйің көшіп келгенше біздің үйге жат» деп жата жабысты. Жалпы бұл жігітті іштей жақтырмайтын едім. Себебі бұны сырттай ел іші тар, орынсыз қызғаншақ, мінезі шатақ ал аузына арақ тисе алдындағы әкесінде көрмейтін тіпті үйіндегі анасына да қолы тиетін қатыгез деп еститін едім. Білмеймін сондай жағымсыз сөздерді есіте тұра « жарайды» деп айтқанына көніп қалдым. 

Screenshot_3.jpg

Менің барғаныма шүйкедей кішкентай қара кемпір анасымен жалғыз қарындасы жүрегі жарыла қуанды. Хош сол үйде тұрдым деген аты болмаса совхоздың таусылмайтын қарбалас жұмысынан қол тимейді. Бәкеңнің (атын өзгертіп Бәкең деп алдым) үйінде жаңа үйленген келіншегі де бар екен.

Бір күні Бәкеңнің үйіне ертерек келсем үйі толған ауыл адамдары «Ойбай Мәке Бәкеңнің қарындасы күйеуге қашып кетіпті, сен ешқайда кетпе қазір Бакең келсе бәрімізді қырады» деп үлкен, кішісі сабылып жүр. Мен жуынып, шайынып үйге кіріп салып қойған төсекке қисайып жатырмын. Анадай жерде бейшара анасы қалтырап, дірілдеп бір бұрышта бүрісіп отыр екен. «Әже неге сонша қорқып отырсыз ау кетсе бой жеткен қыз ғой өз еркімен теңіне кетті ғой ағасы түсінер неге соншама қалтырайсыз» деп едім. Анасы байғұс жылап қоя берді де «ол қыздың қашып кеткенін менен көреді» деді. Бәкеңнің әйелі дастархан дайындап жатыр байқаймын ол анасындай абыржып тұрған жоқ. Сөйткенше есіктен «әкең, шешең, бабаң» деп балағаттап жолдағы үлкен, кішіні жапыра басып кіріп келді де бұрышта отырған анасын жүрек тұсынан теуіп кеп жіберді. Үй іші у, шу болды. Орнымнан қалай ыршып тұрғанымды білмей қалдым. Екі көздің арасынан қақырата ұрдым көтеріліп барып жарға жабыса құлады. Бірақ есінен танбады ұстап алып қол аяғын байлап тастайын деп ұмтылып едім жанталаса еңбектеп қолтығымнан астынан шығып кетіп далаға тұра қашты. Далада қараңғы түсіп кеткен кез таба алмай қалдым, іздеп біраз жүріп. үйге қайтып кірсем ауыл дәрігері келіп талып қалған әжені есін жинатып укол салып жатыр екен. 

Ана малғұнды ұстай алмай қалғаныма өзімді ұстай алмай қалшылдап тұрмын. Сөйткенше біреудің жан дауысы шықты «ойбай Бәкең сарайдағы сандықтан мылтық алып атайын деп жатыр» деп. Жүгіре басып есік алдындағы сарайға кіріп барсам көне сандықтан қос ауыз мылтығын алып құрастырып болып оқ салған патронтажды беліне байлап жатыр екен. Мені көріп сасып қалды мылтығын көтеріп үлгірмеді секіріп келіп көкірек аузынан тептім сол кезде мылтығы ұшып кетті де өзі бүктеле құлады. Мылтықтың дүмі жағымен арқасынан қайыра ұрдым қимылсыз қалып етпетінен түсті. Көзім түк көрмей кетті. Бұл малғұн шеше ұрғыш найсап қой бұны жер бастырғанша майып қылып тастайын деп етпетінен жатқан оны мылтықтың дүмімен құлаштап ұруға қолымды көтере беріп едім «жалғызым ғой менің, балам ау, жалғызым ғой ұрмашы » деп анасы үстіне келіп құлады. 

Мен мылтықты алып есіктен шығып кеттім. Кейін ойланамын ана жүрегі қандай кең сол жалғыз баласы өзін жүрегінен теуіп талдырып тастады және мылтық алып атып тастағысы келіп жүр сонда да қаныпезер баласын қорғап үстіне құлап жылап жүр. Міне мен осы оқиғадан кейін оның үйінен кетіп қалдым. Бірақ анасы маған «кетпе» деп көп жалынды, қаншама сорлы ананы аяғанмен ол үйде қала алмадым. Бірақ баласына анасының көзінше айттым «мен бұл үйде мынау әжемнің ақ ниеті үшін жүр едім. Бірақ сенің мынау ісіңді көріп тұрып мен қала алмаймын бір күні сені өлтіріп тастармын аман тұрғанда кетейін. Қатынын ұрды дегенді есітіп едім, ал анасын ұрды дегенді есітпек түгілі өз көзіммен көрдім. Кеше сол өзің сабаған анаң менен арашалап алмағанда сені я мүгедек қылар едім, я таяқ қате тиіп сен өліп кететін едің сөйтіп мен сотталып кетер едім. (Жалпы мен жас кезімде осындай төбелесте біреуді ұрып жығып отырып келіп едім). 

Сені де мені де бір Құдай сақтады. Енді сендей малғұнды көрмейін» деп шығып кеттім. Сол ана кейін көп ұзамай қайтыс болды анау тас жүрек оңбады анасының басына көк таста қоя алмай қаңғып кетті. Ақыры Алматы жақта қаңғып жүріп өліп иістеніп кеткен жерінен біреулер тауып алып көміп тастапты. Ол екенін қалтасындағы құжаттан білген...Сөйтіп ол ит өлімімен өлді.

Міне анасын сабаған азғынның тағдыры осылай бітті» деп Мәкең ағамыз ауыр күрсініп әңгімесін аяқтады.

Маған бір әйел хабарласып «күейуімді қайтар» дейді
Алған жарым атышулы жезөкше екен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу