Алған жарым атышулы жезөкше екен

Oinet.kz 06-01-2024 1790

Мен бұл өмірде көп қиындық көрдім. Тағдырдың сынағына әлі төзіп келемін. Сабаққа бармай, күн көру үшін сауда жасадым. Туыс ағаларыммен бірге Мәскеуге дейін барып, ол жақтан тауар алып, оны туған жерімде саттым. Әкем қайтыс болды, шешем мүгедек. Жан бағу үшін ерте есейіп, барлық қиындықтарға мойымай, өзімді қамшылап өмір сүріп келемін. Әйтпесе қатарластарым менің басымнан өткен қиындықтарды өткеретін болса, өмірден баз кешіп кетер еді деп ойлаймын.

Screenshot_4.jpg

Енді-енді өмірім дұрысталып, аяққа тұрып, жігіттік жасқа келіп отбасылық өмір бастар шағымда тағдыр мені тағы да қатты сынға алды. Алған жарым бүкіл қалаға белгілі жезөкше болып шықты

Шынымды айтайын, Таразда туылғаныммен, онда көп тұрған жоқпын. Күн көрістің қамымен сауда жасап, әр қалада тентіреп жүрдім. Туыс ағаларыммен бірге Атырауда картоп, Алматыда киім, Өскеменде ыдыс-аяқ саттым. Қарағандыда да, Көкшетауда да, Семейде де сауда жасадым. Қазақстанда мен болмаған қала жоқ. Бәрін араладым десем болады. Сондықтанда Теміртауда көп досым бола қойған жоқ.

Сыныптастарыммен ара-тұра араласқаным болмаса, етене жақын дос болмадым. 11 сыныпта мұғалімдердің жаны ашып, әйтеуір, қолыма аттестатты берді. Одан кейін Астанаға барып, құрылыста жұмыс жасадым. Камаз жүргізуді үйреніп, жақсы табыс таптым. Су жаңа көлік алдым. Анама ақша салып тұрдым. Жағдайым жақсарған соң жеке камаз сатып алдым.

Бір күні үйге қыдырып келсем анам: "Балам, мен тірі кезде үйлен, ең болмаса келінімді көріп, бұйырса немеремнің бетін сүйіп кетейін" деді. Анамның көңілін қалдырғым келмеді. Бірақ жүретін қызым жоқ, қу тіршіліктің қамымен, қыздарға да қарамаппын. Өмірімде бір қызбен ашылып сөйлесіп те көрмеппін.

Осыдан кейін сыныптас достарыма барып, қыздармен танысуды ұйғардым. Ана қызбен таныстым, мына қызбен таныстым, біреуінің көзі ұнамайды, біреуінің сөзі ұнамайды, енді біреуінің өзі ұнамайды. Осылай таңдап жүріп, ақыры тазға жолықтым.

Өмірімде ішімдік ішіп көрмеген мен, бір күні достарыммен кафеде отырып, қыздармен ашық-жарқын сөйлесу үшін кішкене арақтан ұрттадым. Көңілім көтеріліп, даусым жарқын-жарқын шыға бастады. Шешесі татар Алина есімді қызбен әңгімем жарасып кетті. Сол күні қатты қызып қалдым да, Алинаға бірден "мен сені аламын" дедім. Ол да масайып қалған "мені ала алмайсың" деді. Екеуміз бәстесіп, сол күні түнде оны достарыммен бірге үйге алып келдім. Анама "үйге келін әкелдім" деп едім, шешем байғұс қуаныштан жарылардай, көршілердің үйіне жүгіріп кетті.

Сонымен не керек, Алинаға орамал тағып, оның үйіне кешірімші жібердік. Алинаның ата-анасы да келісімін берді. Сонан соң дүркіретіп той жасадық. Бүкіл ағайын-туыс, дос-жаран жиналып, құтты болсын айтты. Келесі күні кешке достарға дастархан жайдық. Алина елпілдеп күліп жүріп шай құйды. Достар: "жастарды оңаша қалдырайық, ертерек қайтайық" деп тарасып кетті.

Алғашқы түніміз мен үшін қасіретке айналды. Алған жарым қыз болмай шықты. Айтайын десем айта алмай, іштен булығып, теріс қарап ұйықтап қалдым. Ертесіне «мен не бүлдірдім?!» деп қатты мұңға баттым. Таң атпай достарым келіп "алғашқы түн қалай болды" деп сұрағанда, қаным басыма шығып, бетім дуу ете қалды. Бір бозарып, бір қызардым. Не айтарымды білмей, "жақсы екен" дей салдым. Үйдегілерге де, достарыма да шындықты айтпадым.

Ертесіне түнде әйеліме қатты ұрыстым. Ол жылап, алданып қалғанын мойындады. Оның мұны түстен кейін, болары болып, бояуы сіңгеннен соң мойындағанына қатты қапаландым. Бірақ іштегі ашуымды сыртқа шығарған жоқпын. Анама да, достарға да, ешкімге тіс жармадым. Басыма түскен тағдырым осы шығар деп бәріне көндім. Оны жарым ретінде қабылдадым.

Ешкімнің көзіне түспейін, қыз емес, қатын алғанымды ешкім бетіме баспасын деп, жарымды Астанаға алып кеттім. Екеуміз бес-алты ай біге тұрдық. Бірақ оның сәл кемшілігіне бола ашулана беретін болдым. Менің алдымда басқа жігітпен қосылғаны есіме түсіп, тіптен қаным басыма шабады. Айғайға саламын. Тіпті қол жұмсадым.

Егер ол қыз болып тигенде оның бар кемшілігін көтерер едім. Бірақ мені алдағаны қатты жаныма батты. Кешіре алмадым. Сәл ашулансам болды, оның қыз болмай тигені есіме түсіп, өзімді қоярға жер таппаймын.

Ақыры ол да менің мінезіме шыдай алмай үйіне кетіп қалды. Мен өзімнің қылығымның дұрыс емес екендігін түсініп, оның үйіне барып кешірім сұрауды ұйғардым. Таразға келіп, досыма "әйелімді үйге алып келейік" десем, ол: "қойшы соны, не қыласың?!" деді. Ол туралы барлық шындықты айтып берді. Сөйтсем ол бүкіл қалаға аты шулы жезөкше екен. Оның "қызығын" тіпті көршілер де, көрші аудандағы қатарластарым да көрген екен. Осының бәрін досымнан естіген кезде өмірден түңіліп кеттім.

Таныстарым "ол қызды алатындай Сәкенге не көрінді?" деген екен. Бұдан асқан қорлық бар ма?! Мен неге соншалықты сорлы болдым?!

Досым: "Жігіттің басынан не өтпейді, сабырға түс, ақылға кел. Есің болса ажырасып, басқа қыз ал!" деді. Енді не істесем болады? Қай жолды таңдаймын? Оның аяғы ауыр.

Аты шулы жезөкшені қайта жар етейін бе, әлде бәрін тәрк етіп, қайта үйленейін бе? Әбден басым қатып кетті. Қандай ақыл-кеңес қосасыздар, ойлы оқырман?!

Сәкен, Тараз қаласы

Alashainasy.kz 

Анасын сабаған жігіт ит өліммен өлді
Ағам мен күйеуім бір-бірін иттің етінен жек көреді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу