Маған бір әйел хабарласып «күейуімді қайтар» дейді

Oinet.kz 06-01-2024 4116

Қалай бастасам екен. Ұзақ болған. 1 жыл болған қарым қатынас. Бұл басымнан өткен жайт көп адамға сабақ бола ма, әлде мен сияқты іштен тынып жүрген әйелдер бар ма деп кейде ойлап жүрем.

Screenshot_2.jpg

Менің жолдасым бар. 7 жыл бір шаңырақта тұрып келеміз. Арада бала жоқ. Мен оның екінші әйелімін. Бұрынғы отбасында 3 баласы бар. Алимент 50% төлеп отыр. Ол бірақ маған ешқашан да "неге арамызда бала болмай жүр?" деп айтқан емес. Менің бар айтқанымды жасайды. Астымызда үй де, машина да, жұмыс та бар. Ұзын сөздің қысқасы, ішкеніміз алдымызда, ішпегеніміз артымызда дегендей. Мен магазинде продавец болып жұмыс жасаймын. Айтайын деп отырғаным жолдасымның сыртынан бір ер азаматпен жүріс жасап қойдым.

Бір районда тұрамыз ол жігітпен. Осындай күндердің бір күнінде жұмыста тұрсам, кеш уақытта бір жігіт келіп менен сауда жасайды. Шамалы уақыт өткен соң сол жігіт қайтып келіп менің телофон нөмірімді сұрады..

Мен сол уақытта үйге қайтайын деп асығып жатқам, өйткені ертесіне менің туған күнім еді. Бірақ бір күн бұрын атап өткім келді. Жолдасым вахтада жұмыс жасайтын. Жолдасым жоқта дос қызыммен кафеде отырамыз деп шештік.

Сол манағы жігіт кетпей тұрып алды. "Болмаса менің нөмірімді алып қалшы, сосын звонда" деп. Мен айттым "менің күйеуім бар. Неге бұндай жағдаймен келіп тұрсың?" деп едім. "Сені сыртыңнан көп болды бақылап жүргеніме" деп ...

Сонымен кафеге баратын уақытта жақындап қалды. Күн борап кетті. Такси таппай қалдым. Сосын ана жігітке құпия нөмірмен звондап шақырдым. Ол айтқан еді "мен қазір такси болып жүрем звондашы деп. Ол сразу келмеді. Оны күтпей басқа таксимен кетіп қалдым.

Негізі жолдасым өзі жұмыста жүргенде олай звондамайтын. Сол күні кафеде отырғанда, аяқ асты звондап қалды. Мен оған айтпағам. Шошып кеттім. Негізі кафеге жіберетін. Просто айтпай кетіп қалғаным дұрыс болмады. Қасымдағы дос қызға айттым "мен қазір тез келем. Үйге барып келем, тамақ дайын болғанша" деп сырт киімді киіп сол ана жігітке звондадым. Асыққаным сонша құпия нөмір термей былай звондап қойыппын. Ол сразу келді. "Аманшылықпа не болды" деп еді. "Мені үйге апарып келесің бе? Болшы, болшы" дедім. Ол мені шыққанымды күтіп отырды. Мен дым болмағандай жолдасыммен үйде отырып сөйлестім. Қайта далаға шықсам сол жігіт мені кетпей күтіп отыр екен.

Сол танысқан күні үйге кіргіздім... И екеуміз сол түні қосылдық... Менде ешқандай да ой болған жоқ. Ертесіне келмей қалса маған не болады дегендей. Келесі күн. Туған күн жалғасты. Басқа қыздарға жуатын болдым.

Мен уже жігітпен енді жүріп жүрген жас қыздар секілді болып, дым да керек емес, тек соны ойлап жүрмін... Кешке тағы үйге әкеліп тастайтын болды. Сонда қасымдағы қыздарға шет жағасын айттым... Ол жігіт маған айтты "Сен жұмысыңдағы хозяйкаңа айтып қойма, ол менің туған құдағайым. Білсе ұят болады. Сосын айтасың" деді... Мен ешқашан үйге гүл өсіріп көрмегем, ол маған туған күніме живой гүл алып берді, "осыны өсіріп бапта" деп.

Осылай күндер өтіп жатты. Күйеуім жұмыстан келді. Ол жұмысына кетті... Бір күні жұмыста отырып бұл жігітті кімнен сұрасам болады деп, сол өзі айтқан менің хозяйкамнан сұрадым.... Мен сұрап біліп берейін, бірақ қазір емес деді... Уақыт өтіп жатты... Бір күні жұмысқа келсем, хозяйкам отыр екен... Кескіні бір түрлі болып кеткен... Оның әйелі бар, екі баласы бар үшіншісін туайын деп отыр екен деп айтты... Сол кезде мен жаман болып ауырдым білесіз бе? Енді не істеймін, не болады, қайткенде бір жағына шығуым керек деп ойладым... Сосын оған звондадым... Сол баяғы ойында ештеңе жоқ Саматтың.

Негізі мен оны Самат деп айттым хозяйкаға. Менің ондай құда балам жоқ деді... Камерадан қарап көрсеттім оның алдында болған жағдай еді бұл... Атын да өтірік айтқан екен маған

мен оның өтірігін білгенімде ол жұмысында жүр еді....шамалы сөйлесіп отырғасын мен оған сен жайында бәрінде білемін,неге олай болд.мені қандай жағдайға қалдырдың деп айтқанымда. Ол маған "Саған әйелім балам бар екенін айтсам, мені қабылдамайсың деп ойладым. Өйткені өзің баласы бар тағдыры сондай жігітке күйеуге шыққаныңа өкінетіндей болдың. Сол себебті уақытша айтпауға тырыстым" деді ол...

Мен оны осы қалпында ұнаттым ғой, басқаша қалай жеткізетінімді білмей, не болса да жалғастырамын деп шешім қабылдадым. Осылайша күйеуім жұмысқа кеткенде онымен кездесуімді жалғастырдым. Күйеуім ештеңе сезбей жүрді. Осылайша күндер өтіп жатты. Ол маған сыйлықтарымен келетін. Бірге тамақтануға да баратынбыз. Көшеде бірге жүретінбіз... Қалай ашық жүрдіңдер деп ойлауыңыз мүмкін. Өйткені біз бұл кішігірім қалаға басқа жақтан көшіп келгенбіз. Күйеуім жұмыстан келсе де ешкіммен араласпайтын... Көп адам оның менің күйеуім екенін білмейтін. Сол себепті бізде бәрі ашық жүріс болды. Каждый келіп кеткен сайын жылап қалатынмын. Ол мені қатты құшақтап тұрып "олай жасамашы. Маған да қиын. Күнде келем ғой" дейтін. Осындай күндердің бір күнінде "сен неге әлі ажыраспай жүрсің" деп айта бастады. "Жоқ әлі ондай шешім қабылдай алмаймын. Мені қинама" деп едім. "Мен сені күйеуіңнен қызғанамын. Мен даже тез ұйықтап қалу үшін пиво ішемін" деді. Осылайша тағы жалғастырдық. Бір күні күйеуiме көрші жігіт айтып қойыпты. "Сен әйеліңмен тұрасың ба? Оған бір жігіт келіп жүр" деп....

Күйеуiм жұмыстан келе сала менен сұрады "бұл не жағдай?" деп.

Саматқа жұмысында жүрген кезі еді. Оған өзім тек жұмыста жүргенде хабарласатынмын. Күйеуімнің біліп жүргенін оған айтып едім "мені тауып алып, алдыма келсе, оған берер жауабым дайын ғой" деді.

Бір күні жұмыстан келсем күйеуім ашулы екен. Екеуміз сөзге келіп қалдық... Әрине арамыз суып кеткендей жағдай ғой. Ол мені қатты ұрып жіберді. Үй іші қан жоса әйнек, ыдыс сынған болу керек. Ол сол жерді шоковый состояниемен өзі полды жууып жүр екен. Мен ыңғайын тауып учаскелік полицияға ватсаппен смс жазып жібердім. Сәлден соң екі полиция келді. Мен арыз жазбадым. Мен өзіме скорый шақырып ауруханаға кеттім. Врачтар мені 5 күн емдеп шығарды. Күйеуім кешірім сұрап "мені тастап кетпе" деп өтінді. Мен "7 жыл бала көтермеген соң мені қайтесің" дедім. Күйеуім өзі екі рет ажырасып балаларын тастап, кейін 1 жылдан кейін маған үйленген, екі әйелінде балалары бар оны басында айтып кеттім. Сол кезде көрдім ер адамның көз жасын. Жан-жақтан бәрі звондап кешірме дейді. Но менің де кінәм барғой. Оны ешкім де білмейді. Басында айтып едім ғой жұмыстағы хозяйкам біледі деп. Самат екеуінің арасында туысқандықтары бар еді. Бірақ Самат екеуміздің ара қатынасымызға ешқандай қарсылығын білдірмеген. Сырласым болып кетті....

Уже осы күннен кейін маған бәрібір болып кетті. Не болса да маңдайымнан көрем, өз отыма өзім күйем деп жүрдім.

"Самат маған любой уақытта звондай бер" деп айтып қойған еді. Июнь айы еді. Оған звондадым. Ол телефонын зарядкаға қойып кеткен екен. Әйелі маған звондап тұр. "Сен кімсің?" деп. Сол кезде арамызда диалог болды. Әрине басында ұрысысып қалдық. Сосын оның женатый екенін білмейтінімді айттым. Ол әйел болса "сен менің күйеуіммен жақын қатынаста болмадың ба" деп қайта-қайта сұрай берді. Мен ол әйелді түсінем. "Иә" дедім. "Ол мені, мен оны жақсы көреміз" деп айталмадым. Самат енді тығырыққа тірелгендей болды. Әйелі біліп қалса да, ретін тауып маған келетін. Маған айтатын болды "ешқашан сені тастамаймын. Менің әйелім тағы звондаса, такси ретінде машинасына міндім басқа шаруам жоқ деп айт" дейтін. Уже жаз айы. Самат пиво, ішімдік ішетін болды. Кейде үйіне қайтпай, қасымда қонып та қалатын еді. Сол кезде әйелі маған звондап "күйеуімді қайтар" дейтін.

Мен арасында тик ток желісіне кіріп тұрам. Саматтың әйелі бізді тик ток желісінде комментарий арқылы бір-бірімізге жылы сөйлескенімізді біліп, қайта-қайта маған звондауды шығарды. Самат сонда да менен кете алмай жүрді. Даже ішіп алып жылағысы да келетін. Білмеймін не болатынын...

Ляззат Ракишева 

Instagram парақшасынан

Енем маған ерегесіп баласына өз қолымен арақ құйып берді
Анасын сабаған жігіт ит өліммен өлді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу