Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Өмірде көреріңді көрмей, көрге түспейді екенсің. Өмірдің жарты белесінен асқан соң қадірің қалмай ма? Менің де ел қатарлы бір ұлым, үш қызым бар. Алғаны жақсы болмаса - ұл уайым. Барғаны жақсы болмаса- қыз уайым. Қыздарымның қолына ұлым тіріде бармаймын.
Қырық төрт жыл отасқан отағаcының ұлынан көңілі қалған. Ұлым келіннен аса алмайды. Қалада тұрады. Айлап-жылдап ат ізін салмайды. Өзіміз барсақ, келін жылан көргендей жиырылады. Барғанда бір пиалай шайын бермейді. Баламның үйіне біз сыймағанмен қайын жұрты түгел сыйып отыр. Келінімнің əке-шешесі қыздарымен баламның тапқан таянғанын жеп, бізге қарсы қоюдан жалығар емес. Ұлымның санасын арбап, күн өткен сайын тасбауыр етіп барады.
Бізден қайын жұрты жақын. Құдағай не айтса да бас шұлғып отырады. Біз бірдеңе айтсақ, құлағына ілмейді немесе естімеген адамша отыра береді. Сосын келінге несіне өкпелейміз? Өзім туып, өсірген ұлдан қайыр болмағанда. Мың айтқанмен жаттың құрсағында жатқан не істемейді дейсің?!...
Солардың дегені болсын деп, жалғыз ұл болса да бөлек шығарып қойдық. Қазақ шаңыраққа ие болып қалады деп ұл туса қуанушы еді. Қара шаңырақтың біз өлген күні есігі ашылмай, сол күйі қалатын сияқты. Тәрбиенің қай жерінде қателестік?
Зерде апа