Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Менің жағдайым басқалардан күрделілеу. Мен əу бастан мінезі ауыр жанмын. Ешқашан басымнан сөз асырып көрмедім. Жастайымнан спортпен айналыстым. Оқыдым. Өз нанымды өзім тауып жеуге дағдыландым. Қазір жұмыссызбын. Бұрын колледжде "дене тəрбиесінен" сабақ бергенмін. Тұрмыстамын. Күйеуім жəне екі қызым бар. Адамдар өте өзімшіл болады екен.
Қайын атам мен жұмыс істеп жүргенде жалпылдап,қызым дейтін. Жолдасым - Самат. Кореяға жұмысқа кеткен. Сол ата-енемнің қолында қалдым. Жұмыстан шыққалы үйдегілер маған ала көзбен атып қарайды. Мен жұмыстан еріккеннен шықпадым. Денсаулығым сыр берді. Сол ала көзімен атып жүрген атама кредитке екі бірдей көлік əперген едім. Соңғысынан əлі құтылмадым. Қайын атама бір тиын болса да, жолдасым ақша жібере алмай жатыр. Үстемесі өскені ол кісіні қызықтырмайды. Айтам деп, боқауыз сөз естідім. Мен де шыдап тұрмадым. Бар ішімдегіні ақтарып салдым. Қасымда тұрған үстелді ашумен лақтырып қалған едім, атамның аяғына тиді. Содан маған ашуы келіп, қуалай жөнелді. Ұрмақшы. Мен əдейі ұрмағанымды түсіндіре алмай жүрмін.
Жолдасым келсе, атам айтар болса, менің шаңырағым ойран болады. Самат ата-анасын қатты құрметтейтін жан. Атам сəл мені де түсінсе болады ғой. Не істеймін?