Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Қазақта кісі қайтыс болған кезде үйдің оң жағына шымылдық құрып, марқұмды сол жерге қояды. Соңғы сапарға жөнелткенде де оң жақтан шығарады. Қайтіп үйге кіргізбейді!
Шиден тысқары болды ма, ол бақиға кетті деген. Тағы бір керемет,қазақ қызына төрдің оң жағынан орын беріп, қыздың төсегін де оң жаққа салған. Ұзатылар алдында шымылдық құрып, ұзатылған кезде оң жақтан, шымылдықтан шығарған. Кетіп бара жатқан қызды артына қаратқызбайды! Қазақта мынадай сөз бар "шыққан қыз шиден тысқары" деген. Салыстыруға қорқынышты, бірақ осында бір ұқсастық жатыр. Қыздың қайтып келуі - өлікті үйге алып келгенмен бірдей. Ол бәрібір көзге түрткі боп, әке үйіне сыймайды. Әкенің үйі,сағынып келіп, еркінсіп, аунап-қунап қайтатын құтты мекен ғана болып қалады.
"Жұмадағы кездесу" газетіне Зейнеп Ахметованың берген сұхбатынан үзінді