Тойды өзім жасап беремін. Ең бастысы мені алатын жігіт болса болғаны...

Oinet.kz 12-01-2024 1361

Туа біткен əдетімнен құтылар емеспін. Қолымның ілгіші бар. Ұрлық жасамаймын десемде, қолым іліп алып кетуді ғана біледі. Клептомания ауруы деп ойлаймын. Қыз болсамда, осы əдетімді тоқтата алмадым. 

Screenshot_1.jpg

Кішкентай кезімде қонаққа барсам болды, ата-əжемнің үйінде тығып қойған кəмпиттерді шетінен алып ешкімге көрсетпей жейтінмін. Мектептің өзінде ұнатқан затты басқа біреуден көрсем, соны ұрлап алмайынша тынбайтынмын. 

Ол əдет кішкентай арзан заттардан басталып, одан қымбат заттарды ұрлауға көштім. Мен бұдан рахат алып бір жетістікке жеткендей сезінетінмін. Есейген сайын тəжірибем көбейіп, осы əдетімсіз өмір сұре алмайтындай жүретінмін. Ешқашан артымнан із қалдырған емеспін. Жəне жақын дос құрбылар менде болғанда емес. 10-11 ші сынып оқып жүргенде көбінесе ұялы телефон ұрлау мен үшін ең оңайы болатын. Көпшілік адамдар бар жерде жүру маған ұнайтын. Көшеге шықсам болды, қарама қарсы адамға сүйкеніп иығымды соғып оның қалтасынан бір затын болса да алып шығып үлгіретінмін. Көзімен көрсем болды, мұрнымның иісі кез келген адамныі киімінің қалтасында қандай зат бар екенін сезеді. 

Осылай өмірім жалғасты. Мектептен кейінгі оқуымды да аман есен аяқтадым. Ол оқуымның ақшасын өзім таптым. Бұрын ұрлағаным ұялы телефон болса, қазір əшекей бұйымдар алтын жалатқан. Осыларды кез келген жерге сатып, өзіме ақша істейтінмін. Сіздерге өтірік шығар, өзім осы əдетімді санаулы адамдарға ғана айтқанмын. Жəне жерден қымбат сырға жүзіктер табу ол да жиі кездесетін. Кейінгі уақыттарда өзіме уəде бердім, таршылық көрген адамдардың жеке мүлігіне қолымды сұқпаймын деп. 

Көбінесе ауқатты жағдайы бар жемқорлардың үйіне тазалық жүргізетінмін. Яғни олардың үйінен ұнатқан затымды аламын. Негізі адам жасаған жақсы істерін мақтанышпен жариялап айтпау керек. Бірақ өз басым өз еңбегімен ұрланған заттардан түскен ақшадан мұқтаж жандарға садақа беремін. 

Əйтеуір қадалған жерден қан алмай кетпеймін. Көздеген адамның үйінен міндетті түрде бір затын алып шығамын. Ең басты қолыма ілінсе болды. Осы өмірде жеткен жетістіктерім көп. Бармаған елді мекен қалмады. Ұрлықпен тапқан еңбегімнің бір бөлігіне киініп қыдырамын. Қалған бір бөлігін əке шешемен жалғыз ініме көмектесемін. Жағдайым ойлағанымдай баршылық. 

Сіздерге қолдан келгенше қысқа жəне нұсқа жазуға тырыстым. Қазіргі ойым жақсы жігіт кездестіргім келеді. Болашақ жарым мені түсінетін болса деймін. Жағдайы маңызды емес, барлығын өзім қамтамасыз етемін. Керек десе тойды да өзім жасаймын, ең басты бас аман болсын.

Психолог Жарқанаттың хатынан

Психолгтың Ватсаб нөмірі 8 707 922 90 85

Ауылға қайтпағанымда, тағдырым бұлай болмас па еді
Енемнен өлердей қорқамын...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу