Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
«Қарашы, Абылай қандай ақылды» деген, сіз залалсыз деп есептейтін, бір фразаның өзі балаға кері әсерін беріп, бала тума лузер болып, үнемі өзін басқалармен салыстырып өсуі мүмкін. Осылайша баланың бойындағы ең алғашқы қызғаныш пен көреалмаушылық сезімдерін оятатын ата-анасы екен. Ал, шын мәнісінде ата-анасы баласын жақсырақ болсын, дұрысталсын деген ниетпен айтады. Бұлай салыстырсаңыз сіздің балаңыздан бір жағынан мың есеге артық бала болады, бірақ сіздің балаңызда басқа жағынан өзінің қатарластарын шаңында қалдырары анық. Салыстыру арқылы өзгелерден әлсіз етіп ойлатып, баланың нәзік психикасын бұзамыз.
Мәселен, сіз ересек адамсыз, сізге «ойбай, Айгүл сен немене велосипед айдай алмайсың ба, Гүлмира түбін түсіреді ғой» десе, сізде қандай сезім туындайды. Сіз «Гүлмира қандай мықты, епті» деп ойлайсыз ба, әлде, керісінше іштей өзіңізді Гүлмирамен салыстырып, көреалмай отырасыз ба, мойындамасаңыз да.
Кішкентай кезіндегі реніштер мен өкпелер бала өміріндегі ең ауыр қайғы мен және ешқашан есінен кетпейтін жан қиналысы. Балаңыздың өмірге деген көзқарасын, өзіндік ерекшеліктерін бағалай отырып қана, балаңызға нұсқаулық бересіз. Балаңыздың жақсы, ерекше тұстарын мақтай отырып әлсіз тұстарын көрсетсеңіз ғана ол сіздің нұсқаулықтарыңызды түсініп жақсы жағына қарай ұмтылуы мүмкін. Яғни, балаңызға: «Өткен жолы 4 орын алып едің, қазір 2 орын алдың»; «Екінші тоқсанда төрт сабағың үш еді, бұл жолы бір ғана үш" деген сияқты балаңызға мақтау сөздер айтып ынталандырып отырсаңыз, балаңыз сіздің барлық үміттеріңізді ақтауы мүмкін.
Бір балаға ойлау қабілеті берілсе, екіншісіне ойнау. Кім біледі сіздің балаңыз бәлкім стример, геймер болар. Апельсинның шырынын сығып алғандай, балаңыздың миында жоқ нәрсені ала алмайсыз, көре де алмайсыз. Оның қолынан келмейтін дүниені бала көршінің баласынан қалмайын деп қана жасай алмайды, балаңыз басқа жаратылыс, басқа оймен, басқа денемен туылған, сіздің ойыңыздағы идеал болуға міндетті емес.
Маңызды кеңес: Баланы ең оңай салыстыру мультфильм кейіпкерлерімен салыстыру. Бала бір уақытта мультфильм кейіпкері жоқ екенін түсінетіндей, бірақ бәрібір де сол салыстырудан түйін алады. Мұндай салыстыру баланың дұрыс емес тұстарын оңай, ауыр тимейтіндей етіп жеткізуге көмектеседі.