Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
«Ғафир» сүресінің 60- аятында «Менен сұраңдар, жауап беремін, тілектеріңді қабыл етемін», - дегеніндей, әлбетте, жайған алақаныңызды бос қайтармайды.
Дұға жасаған кезде, есіңізде сақтарлық қағидалар:
- Дұға жасағанда Аллаға мадақ, мақтау.
Пайғамбарымызға (с.ғс.) салауат айтумен бастаңыз.
- Шынайы ықыласпен дұға жасаңыз, яғни дұға жүректен шығу керек.
- Дұғаңыз қабыл болатынына анық сеніңіз, бұл Аллаға деген иманның кемелдігін көрсетеді.
- Біреуге зиян, жамандық тілеуден аулақ болыңыз.
- Күнәларыңыз үшін шын өкініп, кешірім тілеңіз. Жүректен шықсын.
- Ешкімге қарыз болмауға тырысыңыз.
- Астың адал болуына, киген киім мен баратын жерлеріңіз таза, шариғатұа сай болуына мән беріңіз.
Міне, осы бір әдеттер дұғамыздың мейлінше қабыл болуына септігін тигізеді.
Салиқалы жар тілеу дұғасы:
1. Рабба-нәә һәб-ләнәә мин әзуәә-джи-нәә уә зурри – иәәти-нәә қурратә әъюниу уәдж-ғәл-нәә лил-муттә-қии-нәә имәәмәә.
«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың алды ете гөр!» ( «Фұрқан» сүресі, 74-аят)
2. Рабби иннии ли мәә әңзәлтә иләй-йә мин хайрин фәқиир.
«Раббым! Ақиқатында мен өзің маған түсірген кез-келген жақсылыққа мұқтажбын». («Қасас» сүресі, 24-аят)