Жігітімді дуалап, майып қылдым

Oinet.kz 20-12-2021 1336

Махаббат осыншалық опасыз болар ма еді?! Жоқ, жо-жоқ, мөлдір сезімнің еш кінәсі жоқ. Ол – мен ақымақ! Соқыр сезімнің соңынан еремін деп апталдай азаматтың өмірін күл талқан еттім. Маған кешірім жоқ…

Screenshot_6.jpg 

Осыдан бес жыл бұрын Аман есімді жігітпен танысып, кездескен едім. Сымбаты мен ақылы жарасқан сері жігіт көптің көңілінен шығатын. Тіпті, құрбыларым қызығып, қызғанышпен де қарайтын. Аманның маған деген сыйластығы жоғары еді. Үнемі қорғап, қолдап, қолпаштап жүретін.

Десе де, сүйгенім жүріп жүргенімізге тоғыз ай болғанда өзгені сүйіп қалғанын, менің ту сыртымнан Ақерке есімді қызбен кездескенін айтты. Ол тіпті сол қызға үйленбек ойда екенін жеткізді. Үстімнен біреу суық су құйып жібергендей болды. Екеуіміздің кездесіп жүргенімізге аз уақыт болса да оған қатты бауыр басыппын. Сол үшін оны оңайлықпен жібермейтінімді білдім. Оны өмір бойы күтуге дайын екенімді айттым.

Алайда Аман енді маған қайтып оралмайтынын, үмітімді үзгенім дұрыс болатынын айтты. Шынымды айтсам, оның менен оңайлықпен әпсәтте бас тартқанына таңқалдым.

 Сөйтіп, алған бетімнен қайтпауға бел будым. Сүйгенімнің өзгеге үйленуіне жол бере алмадым. Сол үшін қаладағы барлық бақсы балгерлерге хабарласа бастадым. Өзіме сүйгенімді қайтарып беруге жүз пайыз кепілдік берген бақсы әжейді тауып алып, оның бар айтқанын бұлжытпай орындадым. Қанша қаражат сұраса да беруге даяр болдым. Алайда бәрі мен қалағандай болмады…

 Аман болашақ жарымен некелесуіне бір ай қалғанда оның психикалық ауытқуы бар жандарға арналған мекемеде жатқанын білдім. Туыстарының сөзінше, сүйгенім кенеттен күйзеліп, осындай халге түсіпті. Алайда мен оның қазіргі күйге түсуіне өзімнің кінәлі екенімді білдім. Себебі әлгі бақсы әжей  қалауымның сүйіктіме теріс әсер етуі мүмкін екенін айтқан. Алайда мен Аманды қайтарудан басқа ештеңені ойлай алмаған едім…

Сүйгенімнің бұлай қиналғанын көргім келмеді. Өзімді кінәлі сезіндім. Содан жасаған қателігімді түзетуге тырыспақ болып бірден әлгі бақсы әжейдің үйіне бардым. Алайда алдымнан әжейдің немересі шығып, оның бір апта бұрын ауыр кеселден көз жұмғанын айтты…

Содан бері бармаған жерім, баспаған тауым жоқ. Барлық бақсылар әлгі әжейдің дуасының мықты екенін, оны қайтарудың қиын екенін айтты. Біреулер маған көмектесуден бірден бас тартса, біреулер дуаны қайтаруға тырысып бақты. Бірақ нәтижесіз…Аман бүгінде адам танымастай өзгеріп кетті. Ауруханада күн санап солып барады. Естуімше бірнеше рет өз-өзіне қол салмақ болыпты. Бірақ мен оны аяғына тік тұрғызғым келеді. Оның кеселімен күресуге бармын…

Дереккөз: Syrlasu.kz

Күйеуімнің қырқын берген күні мені кайын ағама қосты
Бала үшін жездеме тұрмысқа шыққаным дұрыс бола ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу