Ажыраспасқа амалым қалмаған сияқты

Oinet.kz 30-05-2021 7515

Сəлеметсіздер ме, құрметті оқырман!  Сіздерден кеңес сұрағым келеді, жасым 23-те жоғары оқу орнын бітіріп,  жұмыс істеп жүргенімде жолдасым алып қашты. Міне, келін болып түскеніме де 1 жыл болыпты, бір үйдің жалғыз баласына тұрмысқа шықтым.

image.png

Келгелі бері тыным жоқ, түнде ұйықтап жатсамда есігімді қағып түнімен ата-анем тыныштық бермейді,  айран əкеп бер, темекімді алып кел, кофе демдеп бер, одан қалса кіші қайын сіңлім бар,  6-сыныпта оқиды. Ол кіп-кішкентай болып алып бұйыра сөйлеп, маған блинчик самса, торт, печение айтеуір интернетте нені көрсе соны пісіріп бер деп тыныштық бермейді. Бірдеме дей қалсаң, ата-енем ол осы үйдің ханшайымы не десе, соны істе дейді. Бірақ кейінгі кездер тіпті мазамды алып болды, өзім жүкті болғасын қиын болып жүр.

Мейлі жұмыстан адам өлмейді ғой,  бірақ  сөздері жаныма батады,  не болса соны айта береді, сенің  əпкең неге осы уақытқа дейін тұрмысқа шықпай жүр, əлде бір кінəраты барма, мамаң көп сөйлейді,  анау- мынау деп төркінімді айта береді қайын атам.  Аптасына 1-2 рет ішеді,  ішіп алса  тіпті көргенсіз болып кетеді, биле,  əн айт деп мазамды алады, мəн бермей отыра берем, сосын ол маған да арақ іш деп ұсынады, тіпті ішпеген күндері де тисіп отырады, енем де дым демей отара береді.

Біріншімді көтерген сәбиімді 10 аптасында түсіріп алдым, қан көрінген кезде  енеме  ішім  ауырып тұр деп айттым. Ол кісі " қой,  дым да болмайды" деді,  сонымен 3 күн жүрдім, сол күні түнде тіпті орнымнан тұра алмай қалдым, жолдасым ата-енеме айтса,  біз де оны ойлаймыз, не бізді ойламайды дейсің бе деп жолдасыма сөйлеп тастады. Осыдан кейін ол бөлмеге келіп: "өліп кетсең де дымыңды шығармай өл" деп ауыр сөздер айтты.

Əлі құдалығымыз да болмады, осы уақытқа дейін үстіме бір киім де алып берген жоқ, барлығын төркінім алып беріп отыр. Үйіме барып келер ақшаны да бермей жібереді, оны да үйім төлейді, тіпті қиналып кеттім,  не істеймін,  ақыл кеңестеріңді айтыңыздаршы,  өтініш сіздерден. Ата-енемнің сөзіне, қылықтарына шыдай алмай жүргенде күйеуім қол көтеретінді шығарды. Ол менен гөрі  машинасын жақсы көреді, есігін неге жай жаппайсың деп мен бас салып  ұрды. Ата-енем көріп тұрса да дым демейді, қайта анда-санда ұрып тұру керек,  əйтпесе басыңа шығып алады,  шайтанын қағып тұр дейді. Қате кеткен болса кешірім сұраймын...

Аноним 

alashainasy.kz

Күйеуім жесір келіншекпен шатысып, отбасымыздың ойраны шықты
Құдашаның құрығына қалай іліккенімді білмей қалдым...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу