Балаға деген махаббатты көрсетудің әдістері

Oinet.kz 12-12-2015 1231

Бала тәрбиелеу оңай іс емес. Бала тәрбиелеуде қателіктер жіберетініміз анық. Өкінішке орай, бұл қателіктерді жөндеу мүмкін емес кезде бір-ақ түсінеміз. Тәрбиелеуде ең маңыздысы не нәрсе және нені жіберіп алмау керек? Әрине, ол балаға көңіл бөлу, махаббат пен қамқорлық көрсету. Бұл сезімдерді қалай дұрыс көрсету керек? 

image.png

1. Бала алғашқы күнінен бастап жанасуды қажет етеді. Дене түйсігі арқылы сезіну әр бала (ол қыз не ұл болсын) үшін маңызды. Өз сезіміңізді баланың басын, қолын сипап отырып білдіріңіз. Баланы кішкентай кезінде қолыңызға жиі алып, құшақтаңыз. Өскенде де оны жиі құшақтаңыз, басынан сипаңыз немесе арқасынан қағыңыз. 

2. Мақтау сөздер де өзіне сенімділігі, өзін бағалауы және жетістікке жетуінде маңызды рөл атқарады. Бірақ баланы тек өзі жасаған нәрсесі үшін мақтау керек. Кішкентай жетістік болса да, ол күш жұмсады. Мақтаудың шегі болуы керек, әйтпесе, бала үшін ол сөздердің бағасы кетіп қалады. Баланың алдына өте жоғары, қолжетімсіз мақсаттар қоймаңыз. Баланы, әсіресе, басқалардың көзінше сынамаңыз. 

3. Мүмкіндігінше, баламен бірге көп уақыт өткізуге тырысу керек. Сол арқылы баланың сізге керектігін, оның барына қуанышты екеніңізді көрсете аласыз. Кейде балалар әдейі жаман қылықтар немесе әрекеттер жасайды. Солай ата-ананың көңілін аударғысы келеді. Балалар зейінді қажет етеді және оны қандай жолмен болса да, аудартуды ойлайды. Бала ұмытылып қалғанша жазалануды жөн көреді. Балаға көңіл аудара отырып, оған кітап оқуға, ойын ойнауға, үй шараушылығына көмекке шақыруға болады. Қолыңыз бос болмаса, сол нәрсені онымен бірге жасауға тырысыңыз. 

4. Сыйлық беріңіз. Сыйлық – балаға деген махаббатыңыздың белгісі. Бірақ, сыйлықты оған уақыт бөлмес үшін өтеу ретінде қолданбаңыз. Нағыз сыйлық – бірдеңе үшін параға сатып алу емес, ол сіздің махаббатыңыздың көрсеткіші болуы керек. 

5. Баланы дүниеге әкелу арқылы оған білім, ептілік, дағды мен моральдық қасиет беруге жауапкершілік алдыңыз. Баланың жанын қуанышпен және махаббатпен толтырыңыз.

Дереккөз: massaget.kz

Еріңізді басқамен салыстыру екеуіңізге қалай әсер етеді?
Бала неге «неге» деген сұрақты қояды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу