Ер қадірін білген əйел...

Oinet.kz 13-10-2019 1484

72134483_538203836982702_7809449260910379008_n.jpg

Шопан ауыл адамдарының сиырларын жинап, жайлауда бағады. Ол осы бейнетімен отбасын асырайды. Шопанның ақыл-парасатты əйелі бар еді. Ауылда кімнің əйеліне ашуы шықса, "Бар, шопанның əйелінен ғибрат алып кел" дейтін. Күндерден бір күні ауыл ағасын əйелі ренжітті. Ауыл ағасы əйеліне:

- Ей, сөзге түсінбейтін əйел, бар да, шопанның əйелінен азда болса ақыл үйрен, одан үлгі ал, күйеудің қадірін білетін бол, - деді. Күйеуінің бұл əңгімесінен əйелдің тіпті ашуы келіп:

- Шопанның əйелінен нені үйренемін? Күйеуі шопан болса, өзінде не өнер, не қасиет бар,- деп менсінбей сөйледі. Күйеуі ашуланып жұмысына кетті. Əйел ол кеткен соң шопанның əйелі жайында ойлап қалды. "Барлығы шопанның əйелін мақтайды, оның қандай ерекшелігі бар екен, еркектер үнемі біз əйелдерге оны үлгі қыла беретіндей?! Оны бір көріп келейінші"- деп, шопанның үйіне кетті. Ауыл ағасының əйелі есіктен кіріп келгенде шопанның əйелі күнде тұрып ысып кеткен ыдыстан су ішіп отырған екен. Байдың əйелі:

- Судан маған да бергін, шөлдеп тұрмын,- деді.

- Бұл су ысып кеткен, сізге салқын су алып келемін, біраз күте тұрыңыз,- деді шопанның əйелі.

- Мейлі... Бірақ сіз өзіңіз неге ысып қалған су ішіп отырсыз?

- Ханым, осы уақытта күйеуім күн ыстығында сиырларды бағып жүр. Күнге қызыған местегі судан су ішіп жатқан болар. Күйеуім ол жерде ысыған су ішіп отырғанда мен бұл жерде салқын су ішсем, əйелдігім қайда қалады?!

Байдың əйелі бұл əйелдің шынында да көркем құлқы бар, ерекше қасиет иесі екенін мойындады. Ер қадірін білген əйелге алғыс айтып, үйіне қайтты...

Қазақ келіні қайын жұртының есімін неге атамаған?
Бала сатып алған әйел
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу