Ибрагим Исаев. «Сөз қадірі»

Oinet.kz 30-09-2018 946

photo_264593.jpeg

Айтып жүр ғой дейміз дағы ел енді,

Терең ғой деп қабылдаймыз тереңді.

Олай да ойлап, былай да ойлап көр енді,

Қыбырлаған жыбырлаған жәндік көп,

Ұқпай қойдым «шыбын жаным» дегенді.

 

«Жан» деген бір қасиетті ұғымды,

Кім де болса әлде қашан ұғынды.

Ал, шыбынның қандай қасиеті бар,

Неге «жанға» теңеп жүрміз шыбынды.

 

Сөз қадірін жүрміз бе әлде сезбей құр,

Ойға сіңбес сөздер бізде аздай бір,

Я, шыбында қасиет бар біз білмес,

Я, ақымақ айта салған сөз ғой бұл.

Ибрагим Исаев. «Бейіт»
Ибрагим Исаев. «Азат елдің азаматы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу