Жұлдыз Бейсек. «Құшақтауға еркім бар ма өзіңді»

Oinet.kz 27-09-2018 1121

Құшақтауға еркім бар ма өзіңді

Бейнеңменен емдеп тұрмын көзімді

Ұмыттыршы өзің жоқта жылаған,

Жабырқаған кезімді.


Сәуірдегі тынбай жауған жаңбырды

Бір бұрышта жылап отқан Жалғызды.

Ұмыттыршы, бізді бөлген күндерді

Арадағы салқынды.


Мені ұнатқан осы нәркес көз бе еді

Көңілдегі көп күдікті сезбеді

Ұмыттыршы, көшесінде Тағдырдың

сүйгеніңді өзгені...

Жұлдыз Бейсек. «Өзіңді іздеп ағады жұлдыз жерге»
Жұбан Молдағалиев. «Өлкем жайлы ойласам»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу