Жұлдыз Бейсек. «Мен секілді іздейді ме екенсің?»

Oinet.kz 27-09-2018 1055

Мен секілді іздейді ме екенсің?

Терезеден жолға қарап өтем, шын

Саған деген сағынышты мендегі 

Қыркүйектің жапырағы көтерсін


Жолыңдағы бір жарықты күзетіп

Келер деген тас жолдардан жүз өтіп

Сағыныштан үгітілер ме екенмін,

Кірпіктерін бір қайырып күз өтіп


Сағынышымды саған деген күз айтар,

Күзбен бірге әйнектерім жылайды ал.

Телміретін тереземе сүйенем,

Кірпігімнен әппақ қайың құлайды әр


Сұр пердеме сіңіп қалды сағыныш,

Ал бөлмемде сол жалғыздық, сабылыс...

Үмітімнің үрейленген кейпінде

Сезімімді хатқа ағызам жанып іш.

Жұлдыз Бейсек. «Сен табыттан қорқатұғын көріндің»
Жұлдыз Бейсек. «Тымық таңды оятқан құстар ма екен»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу