Жанна Елеусіз. «Мен өлеңді аяймын»

Oinet.kz 26-09-2018

Без названия.jpg

Мен Өлеңді аяймын. Сендер кімді?

Алдына оның барасың жылап қалып.

Тағдырыңнан теперіш көргеніңді,

болмағанын тірлігің тұрақталып.

 

Тағы айтасың жаныңда бір Мұң барын,

сыздайтынын кеудеңді жарып оның!

Түз-өмірдің тағылау тұрғындары,

тап осылай іздейді бәрі жоғын.

 

Жөргемінде алысқан, жарысқанның,

мен қиналсам жұтатын Дем ең соңғы –

еліктейін осылып арыстанның,

азуында бара ма Өлең сорлы!

 

Болсын дей ме, лайым, тоқ бөрісін –

ағызғанда қанынан ғазал-бұлақ,

көкпар қылып тартқанға көк терісін,

ақ көңілі аспаннан қарар жылап…

Жандарбек Жұман. «Қайран, Тіл»
Жанна Елеусіз. «Даланы сүйіп қайтса таң самалы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу