Қазақстанда базар азайып барады

Oinet.kz 31-03-2026

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 588 базар жұмыс істейді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 38 бірлікке аз. Бұл деректі Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Базарлардың басым бөлігі қалада орналасқан (417), ал 171-еуі ауылдық жерлерде орналасқан.

Базар саны бойынша көш бастап тұрған өңір – Түркістан облысы (103 базар). Одан кейін Алматы облысы – 57, Ақтөбе облысында – 53 базар бар. Ал ең аз сауда базары Ұлытау облысында – небәрі 6 базар тіркелген.

Базарлардағы сауда орындарының саны да бір жыл ішінде азайып, 147,6 мыңға жеткен (2024 жылы – 150,8 мың). Өңірлер бойынша ең көп сауда орны Алматы қаласында – 26,5 мың, сондай-ақ Жамбыл облысы – 19,8 мың және Алматы облысы – 17,2 мың орынмен алғашқы үштікте.

Жалпы 588 базардың ішінде 265-еуі заңды тұлғаларға, 323-еуі дара кәсіпкерлерге тиесілі. 9 базар коммуналдық сипатта болса, 323 базар жабық базарға жатады. Тауар түрі бойынша 222 базар мамандандырылған, ал 366 базар әмбебап.

Сауда көлеміне байланысты 39 базар көтерме саудаға, 549 базар бөлшек саудаға арналған.

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты туралы айтқан заңгер қамалды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу