Балаларға ине салынған кәмпит таратқан. Күдікті құрықталды

Oinet.kz 01-04-2026

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында балаларға қауіпті кәмпит таратқан күдікті қолға түсті. Оқиға «Ақ-Ордо» тұрғын алабы маңында болған.

image.png

Ленин аудандық Ішкі істер басқармасы мәліметінше, полицияға жергілікті тұрғын арызданған. Әйелдің айтуынша, белгісіз ер адам оның 11 жастағы қызы мен басқа да балаларға тәттілер үлестірген. Алайда кейін кәмпиттердің ішінен ине сынықтары табылған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Н.Д. есімді азамат болып шыққан. Қазіргі уақытта ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құқық қорғау органдары күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында кәмпиттер мен тергеу үшін маңызды басқа да заттай дәлелдемелерді тәркілеген.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қазақстанда базар азайып барады
Қызмет көрсетілмесе де ақша төленген. Ақтауда инватакси бойынша заңсыз төлемдер анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу