Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы жоғалып кетті

Oinet.kz 31-03-2026

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, марқұм Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаев жоғалып кетті, деп жазады Оіnet.kz.

image.png

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Ондағы мәліметке қарағанда, Баир Сиқымбаев 2026 жылғы 24 наурызда сағат шамамен 13:20-да Коперник көшесі, 114-үйден шығып кеткен. Содан бері хат-хабар жоқ.

– Бойы 180-185 см, арықша келген, шашы қысқа әрі қара түсті, көзі қоңыр. Үстінде қара түсті спорттық костюм болған, - делінген хабарламада.

Алматы Полиция департаменті бұл ақпаратты растап,  іздестіру жұмыстары басталғанын хабарлады. 

Әлемде МРТ қондырғылары істен шығуы мүмкін
ЛГБТ дауынан кейін депутат Жаңбыршинге сот шешімі шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу