Әлемде МРТ қондырғылары істен шығуы мүмкін

Oinet.kz 30-03-2026

Әлемде магниттік-резонанстық томограф қондырғылары істен шығуы мүмкін. Наурыз айынан бері аппаратты салқындатуға қажет гелий тапшылығы байқалған. Бұл туралы Оinet.kz порталы  «24KZ»-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

image.png

Сұйытылған табиғи газды өндіру кезінде алынатын ресурс көбіне Қатардан жеткізіледі. Жақында ондағы зауыттарға жасалған шабуылдан кейін экспорт қысқарған. Салдарынан гелий бағасы екі есе қымбаттады. Сарапшылар «егер Ормуз бұғазындағы логистика мәселесі шешімін таппаса, бірқатар елде медициналық тексеріс құны айтарлықтай өсуі мүмкін», - дейді. Әсіресе Оңтүстік Корея, Жапония, Тайвань, Қытай және Польша көп зардап шегуі ықтимал.

Әйелін шәкіртіне сыйға тартқан имам мен журналист жазаға тартылды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу