Қостанайда полиция қызметкерін жабылып ұрғандар ұсталды

Oinet.kz 01-04-2026

Қостанай қаласында полиция қызметкеріне шабуыл жасаған азаматтар ұсталды, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Қостанай облысының полиция департаменті мәліметінше, оқиға қызметтен тыс уақытта болған. Полиция қызметкері балаларымен бірге жүрген кезде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған мас азаматтарды байқап, оларға ескерту жасаған.

Алайда құқық бұзушылар ескертуге құлақ аспай, керісінше агрессия танытып, полиция қызметкеріне жабылып, күш қолданған.

Жедел шаралардың нәтижесінде шабуыл жасаған барлық тұлғалар анықталып, оқиға орнында ұсталды.

Аталған факті бойынша билік өкіліне қатысты күш қолдану дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Полиция өкілдері мұндай әрекеттердің заңға қайшы екенін және кінәлілердің толық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

121 адамға Қазақстанға бес жылға кіруге тыйым салынды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу