Мұхтар Шаханов. Мәңгүрттенбеу марсельезасы

Oinet.kz 02-09-2019 1021

Screenshot_6.jpg

Әні автордікі

Қазақ ұлты, мың сүрініп, мың жығылып, мың тұрған,

Даңқыңды ешкім бүркей алмас ізгілікке ұмтылған.

Жомарттығың сорға айналып, туып өскен жеріңде,

Ана тілің шетте қалды, орын жетпей төріңде.

Қайырмасы: Өмір, өмір, өмір, өмір, өмір-ай...

. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Шарлап ел мен елді,

Жаһандану келді.

Ұлтсыздық өрлеп,

Рухсыздық жеңді, заман-ай.

Ұқсатқанмен бүгін,

Қазаққа тек түрін.

Қаншама адам әлі

Менсінбей жүр тілін, заман-ай.

Есіңе ұста, бала,

Ұлтқа ұлы ана,

Ұлтты сақтар дана

Туған тілің ғана!

Өз тілінде сөйлей алмай қазақтың тең жарымы,

Амалсыздан басқа ананы «өз анам» деп таныды.

Талай басшы жүргеннен соң ұлтсыздыққа қорған боп,

Қазақ тілі әлі күнге тәуелсіздік алған жоқ.

Эфирден дауыс:

Тарихың тұр санаңа өткел тастап

Өз тіліңде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап,

Бүкіл баба рухымен

Ұлттық, гендік-ақпараттық байланысың кесілер.

Тағдырыңнан ата мұра шамын солай өшірер...

Өз тіліңді жерсінбеудің,

Өз анаңды менсінбеудің

Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?

Oл - рухи мүгедектік әрі ұлттық сатқындық!

Мәңгүрттенген құлдық сезім неге қолдау табады,

Мұны бізге кешіре ме келер ұрпақ саналы?

Өз анасын сүйе алмаудың қасіреті болады,

Тілің кетсе, ұлтың өліп, қарның ғана қалады.

Мұхтар Шаханов. Еркектер жыры
Мұхтар Шаханов. Ормандағы оқиға
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу