Мұхтар Шаханов. Оралу

Oinet.kz 02-09-2019 1057

Screenshot_6.jpg

Мойынқұмдағы Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішін ашардағы сөз

Нақ төрінен мәңгі итжығыс түсіп жатқан майданның,

Жігеріңмен көктеп өтіп,

Ұлт мүддесін шекпен етіп,

Төбең бір сәт көкке жетіп

Өз өлкеңе ескерткіш боп оралдың ба, айдарым!

Жетекке алып саналы арман,

Бүршігіңді жаңа жарған шағында,

Денең қалып сонау Семей түрмесінің маңында

Мойынқұмның топырағын қайта бастың кемелдеп,

Ара жігін ерлік пенен ездіктің

Бір-ақ қадам екендігін дәлелдеп.

Қиын сәтте жалау еткен намысың,

Даңқын ассың, қайсар ұлан, жанын қиған ар үшін.

Ноғайбайдың перзенті боп Алматыға кетіп ең,

Бар қазақтың мақтаны боп қайта оралдың, арысым!

Мұхтар Шаханов. Ғашықтық ғаламаты
Мұхтар Шаханов. Эверестке шығу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу