Мұхтар Шаханов. Рух мектебіндегі мұң

Oinet.kz 02-09-2019 948

Screenshot_6.jpg

Асқақ ұстап жастық туын,

Алпыс таудан астық бүгін.

Алла білер, алдымызда енді қанша қалды тау,

Барлық батыл ойларыңның алды — күрес, арты - дау.

Кейде албырт Батырлықта Тасырлықтан кетпекке

Оймен, мұңмен көз тастайды Рух атты мектепке.

Ол мектептің түсі жадау, терезесі қираған,

Ішіне даңқ сыйғанымен, даңқы байлық жимаған.

Содан оған жұрттың көбі құлықты емес баруға,

Шу менен Бу дес бермейді мектеп парқын тануға.

Сол мектептің ұстазы едік, нәпсіге бас имеген,

Аңқау, сенгіш адамдығын қайсарлығы сүйреген.

Күллі рухсыз биіктердің парқы, даңқы сұйықтау,

Біз шыққан тау — Шындық тауы, барлық таудан биік тау!

Мұхтар Шаханов. Өмір-өзен
Мұхтар Шаханов. Әйелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу