Мұқағали Мақатаев. «Несіне өмір сүргенсің»

Oinet.kz 02-09-2019 1335

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

«Сұраушының сүйген асын кім берер»

Барға - ырза,

Жоққа - сабыр, күн көрер.

Өкінемін, өшігемін несіне,

Тірі жүрсем, маған кезек бір келер.

Осылай деп ойламағам басында,

Мәз болыппын біреу шашқан шашуға.

Қашан көрем, көрмегенді жасымда?!

Өмір деген осы екен-ау расында.

Тіршілікте не істеседі кім кімге,

Тек өмірім өтпесе екен шерменде.

He жыны бар?!

Бақыт мені көргенде,

Кетеді үркіп, енді жете бергенде.

Түсінбеймін не пәлемнің барлығын,

Қайран басым, қаңғыдың-ау, қаңғыдың

Менің де бір болар шағым болды ғой,

Қайда әкетіп барасың сен, тағдырым?!

«Сұраушының сүйген асын кім берсін»

Барға - ырза,

Жоққа - сабыр, күн көрсін.

...Ей, бауырым!

Өз дәрежең болмаса,

Бұл жалғанда несіне өмір сүргенсің!?

​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Кешегі күндей түсті бұлт басқан
​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Кеше түндегі түс, бүгінгі іс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу