​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Кешегі күндей түсті бұлт басқан

Oinet.kz 02-09-2019 891

Картинки по запросу Сұлтанмахмұт Торайғыров

Кешегі күндей түсті бұлт басқан,

Еңсесі төмен түсіп әлі қашқан.

Булығып тамағына ызалы ойлар,

Көздері көрінбейді толған жастан.


Не ғажап: кеше толған, бүгін солған,

Басына ауыр дәулет қайғы қонған.

Тұрған жас көзде толып, саулап кетті,

«Ал, қош!» деп айырғанда қолды қолдан.


Елжіреп, еріп, жанып жүрек, өкпе,

Ауыздан бұрқыратар түтін көкке.

Ол жердің қылмыстарын, тұрмыстарын

Мың жылда келтіре алман сөйлеп епке.


Мен сонда жүріп кеттім аяқ санап,

Артымнан ол мұңайып қалды қарап.

Ілгері басқан аяқ кейін тартып,

Бұ күнде менің көңлім әлеп-жалап.


1914

​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Кеш
Мұқағали Мақатаев. «Несіне өмір сүргенсің»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу