Сұлтанмахмұт Торайғыров. Альбомнан

Oinet.kz 02-09-2019 843

Картинки по запросу Сұлтанмахмұт Торайғыров

Жетуге құмар жоғары.

Қайдан жаман болады?

Талпыну бар, талап бар,

Бүйткен адам оңады.

Нәзік дауыс, әнге ұста,

Разы, шат тұрмысқа.

Жұғымды мұндай бала жоқ

Бұл маңайда, бұл тұста.

Асырауға көнеді,

Деп кеңілім сенеді.

Қандай ұрық ексең де,

Сөзсіз жеміс береді.

Жаттығы жоқ адамға,

Именетін жаман ба?

Оқығанға кез келіп,

Түсінсе еді заманға.

Сұлтанмахмұт Торайғыров. Алты аяқ
Мұқағали Мақатаев. «Қасқырға»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу